Парламент • 15 Қаңтар, 2020

Ақмола облысының тұрғындары ауыл қарттарының жағдайына алаңдап отыр

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаты Сәуле Айтпаева жұмыс сапары барысында Ақмола облысындағы Жақсы ауданында болды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады. 

Ақмола облысының тұрғындары ауыл қарттарының жағдайына алаңдап отыр

Сенатор әлеуметтік маңызы бар нысандардың қызметімен, оның ішінде Жақсы аудандық ауруханасы мен №1 және №2 орта мектептердің жұмысымен танысты, Қазақстан Президентінің халыққа Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау  барысы туралы тұрғындарға айтып берді. 

Аудандық аурухана дәрігерлерімен кездесуде медицина саласы қызметкерлердің мәртебесін арттыру және оларды қорғау, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, ауылдық ауруханаларға кадрларды тартуға ықпал ететін «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасының мәселелері көтерілді.

Аудан тұрғындары ауылдарда медициналық мекемелердің, дәрігерлер мен медицина саласының басқа да қызметкерлерінің, медициналық материалдар мен жабдықтардың, дәрі-дәрмектің жетіспеуі мәселелерін көтерді. Шалғай және жету қиын аудандарда орналасқан тұрғындар саны аз елді мекендерде, ауылдар мен ауылдарда күрделі жағдай қалыптасып отыр. Ауылдардағы медициналық көмекке мұқтаж егде жастағы тұрғындарының жағдайы өте қиын. Одан басқа, халық санының өсуіне және пациенттерді емдеуге, алдын алуға және оңалтуға жаңа тәсілдерді енгізу қажеттігіне байланысты денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту мейірбикелердің құзыреті мен даярлығына және мейірбике қызметтерін дамытуға жаңа талаптар қояды.

Сенатор Жақсыдағы №2 орта мектепте қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» заңның ережелерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, оқытушылардың сұрақтарына жауап берді.

Депутат аудандық прокуратура қызметкерлерімен кездесу барысында қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық-атқару заңнамасына енгізілген кейінгі өзгерістер мен толықтырулар туралы хабардар етті.