Қоғам • 16 Қаңтар, 2020

Атышулы аттракцион бұзылады

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысының Рудный қаласындағы жел соқса кабиналары ұршықша айналып, елдің зәре-құтын қашырған аттракцион орнынан сүріледі. Рудныйда ұзаққа созылған даулы істен кейін мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты осындай кесім шығарды.

Атышулы аттракцион бұзылады

Тапсырыс беруші – Рудный қалалық әкімдігінің құрылыс бөлімі, жұмыс мер­дігері – «АлатауГорСтрой» ЖШС. Бұл ны­санды орнатуға жергілікті қазынадан 330 миллион теңге қаражат бөлінді.

Бүкіл кеншілер қаласы мен оның маңайын толық көріп шығатындай «шайтан дөңгелек» аталатын  айналмалы аттракцион өткен жылдың көктемінде пайдалануға берілген еді. Алайда тұр­ғындардың қуанышы ұзаққа созылмады. Жел соқса ұшар басындағы кабиналар айналып болмаған соң сот шешімімен аттракцион жұмысын тоқтатты.

Сот шешімі бойынша құны қымбат «шайтан дөңгелекті» сүру тапсырыс беруші мен мердігердің мойнына жүк­те­ліп отыр.

 

Қыдырбек ҚИАСХАН

 

Қостанай облысы