Қазақстан • 16 Қаңтар, 2020

Бүгін ауа райы құбылмалы болады

106 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«КазГидромет» РМК қаңтардың 16-на арналған ауа райы болжамын жария етті



Бүгін ауа райы құбылмалы болады

Қар теңізінің аймағынан жылжыған циклонның әсерінен Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын, көбінесе қар түрінде жауады. Тек батысында жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерінде тұман, көктайғақ, қатты жел, бұрқасын сақталады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, түнде және таңертең кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының, күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасынмен. Алматы, Қызылорда, Манғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Алматы Қызылорда облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.