Үкімет • 16 Қаңтар, 2020

Мұхтар Тілеуберді Президенттік жастар кадр резервінің мүшелерімен кездесті

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Президенттік жастар кадр резервінің мүшелерімен кездесті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мұхтар Тілеуберді Президенттік жастар кадр резервінің мүшелерімен кездесті

Кездесуге министрдің орынбасарлары, Жауапты хатшы, Инвестиция комитетінің және «KazakhInvest» ҰК» АҚ төрағалары қатысты.

Сыртқы саяси ведомствоның басшысы кездесуге қатысушыларды Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған Президенттік жастар кадр резервіне өтуімен құттықтады.

М. Тілеуберді министрліктің Президенттік жастар кадр резервіне енгізілген тұлғаларды басқарушы лауазымдарға тағайындауға қызығушылық танытатынын атап өтті.

Басшылық қызметке резервшілердің алғашқысы болып министрліктің Жауапты хатшысы Әркен Өтенов тағайындалғанына назар аударды. Бұл тәжірибе Қазақстан Республикасының СІМ аппаратында жаңа бос басшылық қызметтердің пайда болуына әкелетінін атап өтті. 

Кездесуге қатысқандар Қазақстан Республикасының сыртқы және инвестициялық саясатына қатысты сұрақтарды қозғады. Резервшілер Қазақстанның сыртқы саяси және экономикалық мүдделерін одан әрі ілгерілету бойынша өз ұсыныстары мен көзқарастарымен бөлісті.

Іс-шарадан кейін ведомство басшылығы резервшілермен түрлі бағыттар бойынша жеке кездесулер өткізді.