Аймақтар • 16 Қаңтар, 2020

Алматылық дизайнерлер «Аltyn oimaq» жеңімпазы атанды

401 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қорының»  қазақстандық дизайнерлер арасында өткізген «Аltyn oimaq» байқауы мәресіне жетті.

Алматылық дизайнерлер «Аltyn oimaq» жеңімпазы атанды

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының кеңсесінде өткен марапаттау шарасында  Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Айтуар Қошмамбетов ұлттық дизайнерлік жобаларды қолдауға,  жаңа есімдерді тану, қолдау көрсету,  кәсіпорындарды дамытуды бағытталған байқауға еліміздің 14 өңірінен  үш жүзге жуық өтініш түсіп, мың жарымнан астам дизайнерлер мен қырыққа жуық өндірістік кәсіпорындар  қатысқандығын жеткізді.  «Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау және тұрақты дамыту қоры» ҚҚ директоры Динара Аллаберген жеңімпаздарға сертификаттар пен ақшалай сыйлықтарды табыстап, бүгінде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, киім өндірісі, оның ішінде балалар киімі кәсіпорындарын дамыту мәселесіне тоқталды.

қазылар алқасының мүшесі, Қазақстан қолөнершілер одағының төрайымы Айжан Бекқұлова отандық дизайнерлерді қолдауға бағытталған байқау жастардың көптеп қатысуымен ерекшеленгендігіне тоқталды.  Айжан Бекқұлова атап өткеніндей, бүгінде талантты дизайнерлер көп, осы қызықты жобаға қатыса отырып, отандық өнімді шығару, дамыту мәселесі әбден пісіп-жетілді, сондықтан да бұл байқау жас дизайнерлерге үлкен қолдау, серпін береді.

Аталмыш шараға байқау комиссиясының мүшесі, қазақ оюлары туралы кітаптың авторы, кәсіби суретші және дизайнер Ерлан Қожабаев қатысты.

1

Үш кезеңмен өткен байқау қорытындысы бойынша комиссия мүшелері 12 үміткерді анықтады, онда әр номинация бойынша екі үміткерден анықталды. Байқаудың қорытындысына сәйкес Бас жүлде  алматылық Алина Даниловаға «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген спорт киімнің үздік дизайны» номинациясы бойынша берілсе, алматылық дизайнер Эльмира Битөреева байқаудың лауреаты болып, «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген іскерлік киімнің үздік дизайны» номинациясында аталды.