Аймақтар • 16 Қаңтар, 2020

Маңғыстауда синтетикалық есірткі жеткізушілер құрықталды

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының аумағында синтетикалық есірткі жеткізумен ұзақ уақыт айналысқан  топтың қызметі тоқтатылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстауда синтетикалық есірткі жеткізушілер құрықталды

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласындағы «Грин Парк» тұрғын үй кешенінің пәтерлерінің бірінде Алматы қаласының тумасы - екі ер адамды ұстады. Тінту кезінде олардан жалпы салмағы жарты келіге жуық 240 дана кішкентай пакеттерге салынған синтетикалық есірткі заты табылып, тәркіленіп алынды.

Бұл факт Қазақстан Республикасының ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша Маңғыстау облысы ПД СДТБТ-да тіркелген. Күдіктілер Ақтау қаласы ПБ Уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот-химиялық сараптама тағайындалды.