Қоғам • 17 Қаңтар, 2020

Ерейментау ауданының әкіміне шара қолданылды

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желілерде Ерейментау ауданының атқамінерлері қаралы күн жарияланған күні той тойлағаны туралы ақпарат желдей есіп кеткен болатын. Кеше Ерейментау ауданының әкімі Абай Әлжановтың мәселесі Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында қаралды.

Ерейментау ауданының әкіміне шара қолданылды

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 28 желтоқсан аза тұту күні болып жарияланып, ойын-сауық іс-шаралары тоқтатылған болатын. Алайда, Ерейментау ауданының әкімдігі дәл сол күні жаңажылдық корпоративтен бас тартпаған. Әдеп жөніндегі кеңес отырысында әкім өз кінәсін мойындады.

– Мен 28-і күні тағы бір жолдасымның туысының туған күні болып, «Асылтас» мейрамханасына бардым. Сол жерде жиналған халықты жаңа жыл мерекесімен құттықтадым. Білмегенім де бар шығар. Жаңадан тағайындалған әкіммін. Келешекте мұндай қателіктерге жол берілмейді деп уәде беремін, – дейді Ерейментау ауданының әкімі Абай Әлжанов. 

– Әкімнің кінәсі анық деп ойлаймын. Әрине, бұдан да ауыр жаза қолданып, қызметінен босатуға да болатын еді. Біз өз ұсынымымызды бердік. Ал шешімді Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев қабылдайтын болады. Себебі, ол тікелей облыс басшылығының қарамағындағы қызметкер, – дейді облыстық мәслихат хатшысы Әлібек Баймағамбетов.

Айта кетейік, Абай Әлжанов өзі басқаратын Ерейментау ауданының тумасы.

 

Ақмола облысы