- Бүгінде 1411 байланыс орталығына орташа есеппен бес мың қоңырау келіп түседі. Азаматтар демалыс және мереке күндері де қоңырау шалып, өз сауалдарына жауап ала алады. Жыл басынан бері 22 мың қоңырау келіп түскен. Оның ішінде 1500 астам қоңырау Маңғыстау облысынан. Олардың басым бөлігі зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, көп балалы аналардың ай сайынғы жәрдемақысы, атаулы әлеуметтік көмек мәселелерін қамтиды. Қызмет алушылар ХҚО-ға бармас бұрын, 1411-ге хабарласып, әлеуметтік қызметтерді рәсімдеуге қажет құжаттар тізімін де алдын ала біліп отыра алады», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының КЕ АҚ МОФ директоры Ербол Байжігіт.
1411 бірыңғай қысқа нөміріне тегін қоңырау шала отырып, кез келген оператордан зейнетақы мен жәрдемақы рәсімдеу, көп балалы отбасының мемлекеттік жәрдемақысы, атаулы әлеуметтік көмек, әлеуметтік қызметтер порталы, еңбек қатынастары және халықты жұмыспен қамту, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға онлайн-психологиялық консультация беруге өтінімдер қабылдау мәселелері туралы кеңес алуға болады.
Бұдан басқа, әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы және еңбекпен қамту мәселесіне қатысты негізгі сауалдардың жауабын www.info.mintrud.kz сайты арқылы да білуге болады.
Маңғыстау облысы