Бизнес • 16 Қаңтар, 2017

Астанада пәтер жалдау арзандап келеді

4961 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы жалдамалы баспана нарығында бағаның төмендеуі байқалады, деп жазады kn.kz сараптама қызметі.

Астанада пәтер жалдау арзандап келеді

9-15 қаңтар аралығында бір шаршы метрдің орташа жалдау құны 14,69 пайызға түсіп, 2 388 теңгені құрады.

Қазіргі таңда Астанада жалға берілетін үйлердің бір айлық ақысы орташа есеппен 209 000 теңгені құрайды.

Бір айта кетерлігі, барлық санаттағы пәтерлердің құнында арзандаушылық байқалады.

"Қымбат" саналатын үйлердің бір айлық ақысы 369 мың теңге болса, "арзан" үйлерге шамамен 114 мың теңге керек.