Маңғыстау облысы ПД бастығы, Әкімшілік полиция басқармасы мен Ақтау қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасарлары, Ақтау қаласының учаскелік полиция инспекторлары, құзырлы орган өкілдерінің қатысуменқала аумағында тұрғындарымен «Аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акциясы өтті. Шара барысында қызметкерлер тұрғындардың арыз-шағымдарын, ұсыныстарын тыңдап, оларды шешу жолдары қарастырылып, заңнамалық кеңестер берілді. Тұрғындардың басым көпшілігі көліктерді тіркеу, заңдастыру және аулада бейнекамера орнату жолдары, көліктерді дұрыс тұраққа орналастыру заңдылығы, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мәселелер, жаяу жүргіншіге арналған жүргіншілер жолын салу жөнінде инспекторлармен сұрақ-жауап алмасты. Сондай-ақ халықпен тығыз байланыс орнату үшін фронд-офистерде азаматтарды қабылдап, сұрақтарға жауап берілді. Департаменттің байланыс телефондары мен тікелей онлайн желілері Facebook және Instagram, WhatsApp арқылы да байланыс жүргізіліп, қазіргі таңда халықтан түскен барлық сұрақтар мен арыз шағымдарға жауаптар жолдануда.
Шара барысында Департамент басшылығына халық игілігі үшін атқарылып жатқан қызметтеріне алғыс білдірушілердің де саны аз болған жоқ.
Маңғыстау облысында «Аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтуде.Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Бурабайдағы Мультимедиалық интерактивті кешенге келушілер көп
Аймақтар • Бүгін, 01:26
Аяз, көктайғақ: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 00:16
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Спорт • Кеше
Алматы облысының меншігіне 86 мың га жер қайтарылды
Аймақтар • Кеше