Аймақтар • 20 Қаңтар, 2020

Достық үйлерінде еріктілер қозғалысының орталықтары ашылды

241 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Республика бойынша Достық үйлерінің базасында Қазақстан халқы Ассамблеясының волонтерлер қозғалысының орталықтары ашылды.

Достық үйлерінде еріктілер қозғалысының орталықтары ашылды

Орталықтар қызметінің бірыңғай форматын ұйымдастыру мақсатында 2020 жылы 4 бағыт бойынша тиісті Тұжырымдама әзірленді: әлеуметтік, білім беру, спорт және медиация. Осыған байланысты, облысымызда ағымдағы жылдың 24 қаңтарда волонтерлік қызметтің мақсаттары мен міндеттерін түсіндіре отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында орталықтың ашылуына байланысты Ашық есік күнін өткізуді жоспарлауда. Сонымен қатар, волонтерлер жылы аясында өткізілетін іс-шаралар Ассамблеяның 25 жылдығымен идеялық ұштастырылуы және қазақстандық қоғамда бірлік пен келісімді одан әрі нығайтуға бағытталуы тиіс екенін ескеруіміз қажет.

ҚХА волонтерлік қозғалысының негізгі бағыттарына толығырақ тоқталып өтетін болсақ, олар -

1) «Бірлік» – әлеуметтік (әлеуметтік бағдарламалар аясындағы қоғамдық-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыру және қатысу, мұқтаждарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсету, дүлей зілзалалар мен апаттардың құрбандарына көмек көрсету, тарихи рухани және сәулеттік құндылықтарды және т.б. қорғау және қалпына келтіру);

2) «Білім» – білім беру (түрлі пәндер бойынша тегін сабақтар ұйымдастыру, Достық үйлерінде тілдерді оқыту, жетекші мамандардан бизнес тренингтер, цифрлық сауаттылық дағдылары, оқушыларды кәсіби бағдарлау бойынша жұмыс, жоғары оқу орындарына түсу кезінде бірінші курс талапкерлеріне көмек көрсету, тәлімгерлік институтын популяризациялау және т.б.);

3) «Тәрбие» – спорттық (азаматтық ұстанымды қалыптастыру, патриотизмге тәрбиелеу, ел өңірлерінде дене шынықтыру мен спортты дамыту және т.б.)

4) «Келісім» – медиация (даулар мен жанжалдарды шешу, қоғамға әлеуметтік міндеттерді шешуде көмек көрсету. Басты мақсат - түрлі әлеуметтік бастамалар мен жобаларды іске асыру үшін азаматтық атсалысудың бірыңғай алаңын құру.

Қазіргі таңда Маңғыстау облысы ҚХА жанындағы «Жаңғыру жолы» өңірлік штабында 300 ден астам жас бар, сауалнама жүргізу арқылы Жастардың басым бөлігі волонтерлік қызметке қарсы еместігін білдірді. Волонтерлердің жасына ешқандай тосқауыл болмауына байланысты алдағы уақытта да еріктілер саны арта түседі деп күтілуде.