Медицина • 21 Қаңтар, 2020

Капсулалық эндоскопия – жіңішке ішек ауруларын анықтаудың «алтын стандарты»

806 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты 2014 жылдан бері жіңішке ішекті зерттеудің ерекше әдісін жүргізіп келеді. Институттың Эндоскопия және интервенциялық гастроэнтерология бөлімшесі жіңішке ішекті зерттеудің ерекше әдісі болып табылатын бейнекапсулалық эндоскопия жасайды. Бұл – асқазан-ішек жолдары ағзаларын, жіңішке ішектің үш бөлігін: ұлтабар, ашішек және мықынішекке гастро және колоноскопия жасап, зерттеудің дәстүрлі әдісінде қол жеткізбейтін ішек маңайын көруге мүмкіндік беретін ең заманауи әдіс.

Капсулалық эндоскопия – жіңішке ішек ауруларын анықтаудың «алтын стандарты»

Осы әдіс өз атауын көлемі жағынан дәрілік препараттың капсуласына ұқсас бейнекамерасы бар микрокапсуладан алады. Қондырғының диаметрі шамамен 11-13 мм, ұзындығы 24-26 мм. Бейнекапсуланы көбіне жіңішке ішекті зерттеген кезде қолданады.

Зерттеудің ерекшелігі сонда, инва­зив­­ті емес тәсілмен жіңішке ішекті барлық жағынан қарауға мүмкіндік береді. Оның адам ағзасына ешқандай зиянды және жағымсыз әсері болмайды. Седативті заттарды қолдану талап етілмейді және процедура ауыртпай жасалады. Сонымен қатар капсула бір реттік болып табылады, бұл пациенттің инфекция жұқтыруына жол бермейді. Зерттеуді амбулаторлық жағдайда да, стационарда да жасауға болады.

Зерттеу жасалатын күні пациент (дәрігермен келісілген барлық қажет­ті процедуралар мен зерттеулерді өткен­нен кейін) кәдімгі таблетканы жұт­қан­дай бейнекапсуланы жұтады.

Табиғи жиырылуының нәти­же­сін­де капсула асқазан-ішек жолда­ры­ның барлық бөліктерін өтеді де, өздігінен ағзадан шығып кетеді. Ол асқорыту жолдары арқылы өткенде па­циенттің беліндегі қабылдау қон­дырғысы сымсыз арнамен суретке түсіреді де, осыдан кейін арнайы диагностикалық бағдарламаның көмегімен бейнекөрініске айналады және алгоритмдердің көмегімен талдау жасалады. 12 сағаттан кейін қондырғы клиникаға қайтарылады, ал дәрігер алынған мәліметтерге талдау жүргізеді.

Зерттеудің осынау әдісі ішектен қан кеткенде (ұзақ уақыт болатын темір­тапшылықты анемия, жасырын қан­ға жасалатын нәжістің оң анализі), Крон немесе осы ауруға күдік пайда бол­ғанда, жіңішке ішектегі сорылудың мүм­кіншілігі болмауы салдарынан (целиакия) қалыпты метаболикалық процестердің бұзылуымен негізделген мальабсорбция синдромына күдік туындағанда, жіңішке ішек ісігі кезінде, ішек полиптерінде, іштегі түсі­ніксіз аурулар және түсініксіз этио­логияда салмақ жылдам азайғанда ұсы­нылады.

«Пациенттердің көпшілігі бейне­кап­­сулалық эндоскопия гастроскопия мен колоноскопияны алмастыра алады ма деп сұрайды. Осыған байланысты, бейнекапсула асқазан-ішек жолдарының барлық бөлімдерінен өтеді, ол анатомиялық құрылымының ерекшелігінен тек жіңішке ішекті мей­лінше мұқият зерттейді деп айта кет­кім келеді», дейді Эндоскопия және интервенциялық гастроэнтерология бөлімшесінің меңгерушісі Алма Ха­би­жанова.

Алма Серікқызының айтуынша, асқазан және жуанішек жартылай қаралады. Әрине маман қандай да бір патологиялық өзгерістерді көре алады, бірақ оны дәлелдеу және бағалау үшін гастроскопия/колоноскопия та­ғайын­­далады.

Дүние жүзінде капсулалық эндос­ко­пия жіңішке ішек ауруларын диаг­нос­тикалаудағы «алтын стандарт» саналады.

 

АЛМАТЫ