«Отандастар» қорының дерегіне сүйенсек, қазіргі таңда Ресей Федерациясында 1 млн 310 мың қазақ тұрады. Солтүстіктегі көршіміздің оңтүстік шекарасындағы өңірлерінде қазақтар көптеп қоныстанған. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деген еді. Осы орайда, тілінің жоғалмауына жанын салып жүрген қандастарымызға Ресейде қолдау көрсетілгені көңіл қуантады. Соның бір айғағы болар, жақында Түмен облысында тағы бір қазақ сыныбы ашылды.

Бұл туралы Түмен облысындағы қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы Есенғали Ыбыраев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Өткен аптада жариялаған жазбасында Е.Ыбыраев:
– Бүгін Голышманово ауылындағы №4 мектептің базасында Түмен облысының үшінші қазақ сыныбы ашылды. Сыныптың ашылу рәсімінде дастарқан жайылып, шашу шашылып, мерекелік концерт өтті. Қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясының бұл бастамасын Голышманов қалалық округінің басшысы Александр Ледаков қолдады.
Алғашқы қазақ тілі ашық сабағына 40 оқушы мен олардың әке-шешелері, ата-әжелері келді. Сыныпқа оқушы қабылдау әлі жалғасып жатыр. Ауылдар мен кенттерде қазақ тілін үйренгісі келетіндер көп. Дәл осы жерде бірнеше жыл бұрын Түмен облысы қазақтарының алғашқы құрылтайы өткен еді. Қазіргі таңда Дүйсенбай Бекұжынов жетекшілік ететін автономиямыздың жергілікті бөлімшесі ұлттық-мәдени жобаларды белсенді жүргізіп келеді, – деп жазды.
Қазақстанның Ресейдегі елшілігі былтыр қазан айында дәл осы Түмен облысының Упорово ауылында қазақ сыныбы ашылғанын хабарлаған еді. Е.Ыбыраевқа арнайы хабарласқанымызда, Упорово ауылындағы қазақ сыныбында 30, облыстағы алғашқы болып ашылған Түмен қаласындағы сыныпта 27-30 оқушы білім алып жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады. Ақпан айында Түмендегі Ишим қаласында қазақ сыныбын ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Түмен қаласында сұраныстың көптігіне қарай тағы бір қазақ сыныбы ашылмақ. Аталған жұмыстарды жүзеге асыруға ресейлік жергілікті атқарушы органдармен қатар сапалы оқулықтар, әдістемелер жағынан Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі және «Отандастар» қоры айрықша қолдау көрсетіп отырған көрінеді.
Иә, әр адам өз ана тілінде білім алуға құқылы. Сондай-ақ туған тілінде ақпарат алуға да хақылы. Ресейдегі қандастарымызда осындай маңызды мүмкіндіктердің аясы кеңейе түскендей. Бірнеше күн бұрын Мәскеудегі «Шереметьево» әуежайында хабарландыру қазақ тілінде де айтылатыны туралы ақпарат тарады. Осы жайттың жай-жапсарын толығырақ білмекке бел буып, аталған халықаралық әуежаймен байланыстық. «Шереметьево» әуежайы баспасөз қызметінің жетекшісі Роман Генис бізге берген мәліметінде:
«Шереметьево әуежайының барлық навигациясы үш тілде, яғни орыс, ағылшын, қытай тілінде ұсынылған. Дыбыстық ақпараттандыру жүйесі жеті тілді, соның ішінде қазақ тілін де пайдаланады. Әрбір нақты тілде хабарландырулар қажетті рейсті тіркеу және ұшып шығу кезінде беріледі. Айталық, рейс Қазақстанға бағыт алған кезде хабарландыру қазақ тілінде беріледі», деді.
Қазақстанға ұшатын жолаушылардың қазақ тілінде ақпарат алу мүмкіндігі жөнінде «Шереметьево» Мәскеу халықаралық әуежайында «С-1» терминалының ресми ашылуында айтылған. 2017 жылдан бері құрылысы жүргізілген терминалдың ашылу рәсімінде биометриялық төлқұжат иелерін азаматтың қатысуынсыз өткізетін автоматты бақылау бекеті орнатылғаны және ақпараттық хабарландырудың автоматты жүйесі енгізілгені баяндалды. Әуежайдың C, D, E және F терминалдарында рейстердің ұшу бағытына қарай ақпарат әртүрлі тілде таратылады, оның ішінде қазақ тілі де бар. Сонымен қатар жолаушылар барлық дыбыстық хабарландырулардың жазбаша нұсқасын әуежайда орнатылған мониторингтегі жүгіртпе жолдан да оқи алады.
«Мың алғыс»: Қайырымдылық телемарафонында 22 миллион теңге жиналды
Қазақстан • Кеше
Биыл медициналық сақтандыруға қанша қаржы бөлінеді?
Медицина • Кеше
2020 жылы МӘМС аясында қанша күрделі операция жасалды?
Медицина • Кеше
Елбасы • Кеше
Тарих • Кеше
Спорт • Кеше
Бас театрдағы балалар студиясы
Өнер • Кеше
Алтын шынжырдың соңғы шығыршығы...
Руханият • Кеше
Қызылорда облысында карантин шаралары жеңілдетілді
Аймақтар • Кеше
Былтыр СҚО-да 7 мыңға жуық нәресте дүниеге келген
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда жұма намазға жиналуға рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Қызылжарда анасы ұрып-соққан қыз көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Жалға алған үйін тонап кеткен ұры ұсталды
Аймақтар • Кеше
Францияның экс-президенті түрмеге тоғытылды
Әлем • Кеше
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Түркістан облысында газ желілері жаппай тексеріледі
Аймақтар • Кеше
Тергеушілердің ұстазы ұлықталды
Аймақтар • Кеше
Алматыда этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Алматыдан Қырғызстанға әуе рейстері қайта жанданды
Қазақстан • Кеше
Алматыда қанша тұрғын үй жылусыз қалды?
Аймақтар • Кеше
Армениядан әкелген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Кеше
Қырғызстанда Парламент сайлауы күзде болады
Әлем • Кеше
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін салық есептеу жеңілдетілді
Экономика • Кеше
Алматы облысының Алакөл ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматылық студенттер Алғыс айту күнін атап өтті
Қазақстан • Кеше
Өмірбек Жолдасбековтың 90 жылдық мерейтойы тойланды
Қазақстан • Кеше
ҚДКБҚ депозиттердің сәуірдегі ең жоғары мөлшерлемелерін жариялады
Экономика • Кеше
Сыр елінен 700-ге жуық азамат әскерге барады
Аймақтар • Кеше
Ресей инвесторлары Атырауға бет бұрды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды
Қоғам • Кеше
Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен кездесті
Үкімет • Кеше
Көктем кешікпей жетеді: Наурыз айына арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды
Қоғам • Кеше
Үкімет • Кеше
Алматыда ұлттар достыған арқау еткен шара өтті
Аймақтар • Кеше
Қуатты құрылымның шуақты мерекесі
Қазақстан • Кеше
Әулиеаталықтар Алғыс айту күнін атап өтуде
Аймақтар • Кеше
Наурыз айында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Көпбалалы ана белгісіз кәсіпкерге алғыс айтады
Аймақтар • Кеше
Ержан Бәкірбайұлы Талдықорғанның әкімі болып тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Зейнетақы ақшасын стоматологиялық қызметке пайдалануға болады
Медицина • Кеше
Алматыда педагогтардың республикалық жиыны өтті
Білім • Кеше
Өңірлердегі медициналық ұйымдардың тозығы жеткен
Аймақтар • Кеше
Тараз полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады
Аймақтар • Кеше
Шымкентте Алғыс айту күні аталып өтті
Аймақтар • Кеше
Киевте Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай іс-шара өтті
Руханият • Кеше
Ұқсас жаңалықтар