Саясат • 21 Қаңтар, 2020

«Ұлтқа қызмет ету – мінезден»

48 реткөрсетілді

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйек­тегі халыққа Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшудің қажеттілігін атап көрсетті.

Кәсіби мемлекеттік аппарат мем­лекеттік қызметшінің жоғары білік­ті­лі­гіне негізделсе, халық үнін тыңдай білу лауазымды адамдардың өзі ісіне деген үлкен жауапкершілікті сезінуіне байланысты.

Президенттік жастар кадр­лық резерв құрамымен кездескен ел Прези­ден­ті Қ.Тоқаев Алаш ардақ­­тысы Әлихан Бөкей­хановтың «Ұлтқа қыз­мет ету білімнен емес, міне­з­ден» деген мазмұны терең сөзіне тоқ­та­лып, бұл сөздің қанша заман өтсе де өзектілігі жо­йылмай мәні арта түсетінін баса айтты.

Мінез адамның ішкі әлемінің ай­на­­сы. Жүсіп Баласағұн «Кісі­ге екі дүние­де пайдалы – ізгі іс немесе мінезі түзу­лік. Екіншісі – ұят, Үшіншісі – әділ­дік. Бұл үшеуі арқылы адам шын бақыт таба­ды» деген. Бұл тұста ұят пен әділдік мінездің сыңары еке­нін ойда ұстау қажет. Білім ізгі­лікке жұм­салмаса, оның пай­дасынан зияны артуы әбден мүм­кін. Сондықтан Шығыс дана­лығы адам мінезінің көр­кем­дігін алдыңғы орынға шығарса керек.

Мем­л­екеттік қызметшілер – әділ­­­дік, жоғары моральдық жауап­кер­ші­лік, кәсіби білім, оларды тәжіри­беде қолдана білу, адалдық және парасаттылық, белсенді өмір­лік ұста­ным сынды қасиеттерге ие болуы басты міндет. Сонымен қатар олардың негізгі миссиясы елге қыз­мет ету екенін түсінуі тиіс. Мем­лекет­тік қыз­мет істері агенттігі мем­ле­кет­­тік қызметшілер арасында ұйым­дас­тыр­ған «Елге қызмет ету – мінез­ден» республикалық байқауына қаты­сушылар дәл осы пікірді ортаға сал­ған еді.

Үздік шығармашылық жұ­мыс­­­тар­ды анықтау үшін ар­найы ірік­теу комис­сиясы құрылды. Ко­миссия құра­­мында жұмыс ат­қар­ған Агент­тік төра­ғасының орын­басары Дархан Жазықбаев, Пар­ламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, «Egemen Qazaq­stan» Республикалық га­зеті» АҚ Басқарма төр­аға­сы Дар­хан Қыдырәлі, «Мем­ле­кет­­тік, банк меке­мелері және қо­ғам­­­дық қызмет көр­сету қыз­мет­­кер­­­лерінің салалық кә­сіп­ода­ғы» қоғам­дық бірлестігінің төр­а­ғасы Мейірболат Жа­қыпов және Л.Н.Гу­милев атын­дағы ЕҰУ ка­фед­­­ра меңгерушісі Серік­­­­зат Дүй­­сен­ғазы үздік деп та­­был­ған шы­ғар­машылық жұ­мысты іріктеп алды.

Байқау мақсатына сай мемле­кет­тік қызметтің имиджін көтеру, мем­лекет­тік қыз­мет­шілер­дің біліктілігін ғана емес, олардың әдепке негізделген бейнесін қалыптастыру турасында ой қозғаған 200-ге жуық шығар­машылық жұмыс Агенттікке жолданды. Қаты­су­шылардың жұмыстары: үздік эссе (мақала), үздік бейнеролик, үздік ұсы­ныс номинациялары бойынша бағаланды.

Байқауға қатысушылар өз еңбек­те­рінде ұлы тұлғалардың сөз­дерін, оның ішінде әлемге әй­гілі философ Әбу Насыр әл-Фара­би, ойшыл хакім Абайдың еңбек­теріне жүгіне отырып, мазмұнды шығармалар жазып шық­қан.

Абай Құнанбайұлының «Тегін­де адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ» деген сөзін тілге тиек етіп, білім мен мінездің, ардың адам өмі­рін­дегі орнына ерекше тоқталған.

Бүгінгі мемлекеттік қызмет­шілер де халқының мүддесі үшін қызмет ету­ді өздерінің басты өмірлік қа­ғи­да­сы ретінде көре отырып, аза­маттық, адам­гер­шілік парыздарын саналы түрде орындау арқылы ерек­шеленуі керек.

Аталған байқаудың қоры­тын­ды­сы­на сәйкес, келесі мем­лекеттік қыз­мет­шілер жеңімпаз атанды.

«Үздік эссе» номинациясы бойынша І орынды – Атырау облысы Құрманғазы ауданы Дың­­ғызыл ауылдық округі әкімі ап­паратының бас маманы Жа­ңыл­сын Утешова, ІІ орын­ды – Алматы облысы Пан­­филов ауданы Үлкенағаш ауыл­дық округінің әкімі Ермек Нұрах­метов, ІІІ орынды – Нұр-Сұл­тан қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының Ішкі сая­сат және әлеуметтік сала бөлімі­нің басшысы Әбдірахман Дәу­лен­баев иеленді. Ал «Үздік бейне­ро­лик» түсіруде І орынды – Ақ­төбе облы­сы Ойыл аудан­дық Білім, дене шынық­тыру және спорт бөлімінің бас ма­ма­ны Гүлзат Жеткергенқызы, ІІ орын­­ды – Атырау қаласы әкімі аппа­­ра­­­ты­ның баспасөз хатшысы Әлі­­бек Науаров, ІІІ орынды – Түркі­стан облы­сы Қазығұрт ауда­ны Қызылқия ауылдық окру­гі әкі­мінің бас маманы Бағ­лан Мәуленов қанжы­ғалады. Соны­­мен бірге «Таңдаулы ұсы­­ныс» но­ми­нациясында І орын­­ды – Шығыс Қазақстан об­лы­­сы Боро­дулиха ауданы Бақы ауыл­­дық окру­гі­нің бас мам­аны Нұр­лан Әліп­баев, ІІ орын­­ды – Шым­кент қаласы бойын­­ша Қа­­зы­­на­шылық депар­та­мен­ті бас­шы­сының орынбасары Қал­мұханбет Байсариев, ІІІ орынды – Маңғыстау облысы Мұ­найлы аудан­дық Ішкі саясат жә­не тілдерді дамыту бөлімінің бас­шысы Сара Ноғаева комиссия ше­шіміне сәйкес жеңіп алды.

 

Соңғы жаңалықтар

Келелі келісім кепілі

Саясат • Бүгін, 07:34

Жаңалығы көп жаңа жоба

Аймақтар • Бүгін, 07:29

Ел қоржынына кезекті жолдама түсті

Жеңіл атлетика • Бүгін, 07:09

Қарасазға ақпанда аққу қонды

Аймақтар • Бүгін, 06:45

Есқараның Таня – Тана әжесі

Руханият • Бүгін, 06:40

Алаштың ұясынан ұшқан ғалым

Руханият • Бүгін, 06:35

Қажымұқанның қос қанаты

Таным • Бүгін, 06:35

Таным мен тағылым

Абай • Бүгін, 06:30

Финалда есе жіберді

Теннис • Бүгін, 06:20

«Пайда ойлама, ар ойла»

Сұхбат • Бүгін, 06:15

Газдан туған «наз»

Руханият • Бүгін, 06:10

Қауіпті су қоймалары

Қоғам • Бүгін, 06:05

75 күймен рекорд жаңартты

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар