Аймақтар • 21 Қаңтар, 2020

«Кохлеар Нуклеус» көмекке келді

358 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қарағанды қаласында оқитын баянауылдық студент Айымбек Амантайға «Кохлеар» компаниясының Грэм Кларк атындағы халықаралық стипендиясы тағайындалды. Стипендия ком­панияның құрылғы имплантын пайдаланушыларға арналған.

«Кохлеар Нуклеус» көмекке келді

Қазіргі кезде ғылым мен тех­никаның дамуы – есту қа­бі­леті зақымдалған балаларды, жас­тарды оңалту жолында бірқатар жаңашылдықты ашуға мүмкіндік беруде.

Аустриялық ғалым Грэм Кларк жасаған имплант құрыл­ғысы есту қабілетін қалпына келтіруге арналған. Кохлеарлы имплантация – құлағы есті­мей­тін балаларға сөзді естіп жә­не түсінуіне мүмкіндік беретін оңал­тудың тиімді әдістерінің бірі. Кохлеар компаниясы бекіт­кен стипендия есту қабілеті бұ­зылған жастарға жоғары білім алып, өмірде өз жолын табуға көмектеседі.

Ал стипендияны тағайындау байқауына әлемнің кез келген елінде тұратын «Кохлеар Нуклеус» маркалы имплантын пай­­даланушылар қатыса алады.

– Мен де байқау туралы интернеттен оқып білдім. Әкеммен ақылдасып, компанияның елі­міздегі өкіліне қоңырау шалдық. Сауалдаманы толтырып, ағыл­шын тілінде эссе жазып, электронды поштамен Аустрияға жі­бердік, – дейді Айымбек.

Сөйтіп былтыр қазан айында Айымбек Шығыс Еуропа тобында жеңімпаз атанады. Ал­матыдағы компания өкіл­дігін­де сертификат беріледі.

Амантай Баянауылдағы мек­тепті бітіргеннен кейін Қара­ған­ды экономика университетіне оқуға түскен. Есту қабілетінің бұзылуы балалық шақтағы ауру­­­дан кейін пайда болыпты. Кво­та бойынша Алматыдағы рес­­­публикалық балалар емхана­сында ота арқылы аталған ком­панияның аспабын орнатады. Ал компанияның стипендия­сы қазіргі оқуы мен магис­тра­тура­дағы оқуын қаржы­лан­­­дырады. Студент Айымбек ағылшын, түрік тілдерін мең­герген. Бокс, бас­кетбол, джиу-джитсу се­кілді спорт түрлерімен шұ­ғыл­­данады. – Табиғаты сұ­лу Баян­­ауылда туып-өстім. Эко­лог ма­мандығын таңдадым. Ха­лық­аралық экологиялық жобаларды әзірлеуге қатысып, қор­шаған ортаны қорғауға үлесімді қосқым келеді. Алдағы уақытта «Болашақ» бағдарламасы бо­йын­ша шетелде оқысам деген үмітім бар, – дейді стипендиант.

Павлодар облысы