Аймақтар • 22 Қаңтар, 2020

Волонтерлік қозғалыс қолдау табуда

550 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Волонтер жылы деп белгілеген еді. Осыған байланысты қазір жер-жерлерде Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалдарының шеңберінде волонтерлік қозғалыс орталықтары ашылып жатыр.

Волонтерлік қозғалыс қолдау табуда

Өткен аптаның соңғы күні Сол­түс­тік Қазақстан облысының ҚХА шең­­берінде осындай орталық ашылды. Онда волонтерлік қозғалыстың мақ­­саты, әлеуметтік бастамалар мен жо­баларды іске асырудағы олардың рөлі туралы айтылды. Сонымен бірге волонтерлік жұмыстардың үй­лестірушісі ҚХА болатыны да жет­кі­зілді.

Волонтер дегеннің өзі – жас­тар­дың қоғамдық пайдалы істерге көмек көр­сетіп, қолғабыс тигізуі. Кеңес Одағы жылдарында ондайды «Тимур қоз­ғалысы» деп атайтын. Жазушы Аркадий Гайдар ойлап тауып, өзінің «Тимур және оның командасы» деген кітабында осы қозғалыстың қалай болу керектігін көрсеткен. Соны бас­шы­­лыққа алған Кеңес Одағының оқу­шы­лары қарт адамдарға, жарымжан жандарға, соғыс мүгедектеріне көмек­тесуді, олардың отынын жарып, суын әкеліп беруді және т.б. үй шаруала­рын атқаруды қолға алған. Олар өзде­рінің көмектері үшін ешкімнен, ешқандай ақы талап етпейді. Жұмыс істе­геннің өзі өзімізге пайдалы, үйре­не­міз әрі дене қозғалыстарын жасаймыз, ұйымшылдықтың не екенін іс жүзінде көреміз деген ұрандар болатын. Волонтерлік деген дәл осы қоз­ғалыс, бірақ мұның қамту аясы «ти­мур­шылардан» да асып кеткен. Волонтерлер жеке адамдарға көмектесумен шектелмейді, олар жалпы қоғамға, мемлекетке қажетті шаруаларға қолғабыс тигізеді. Соның ішінде көшелерге гүл, ағаш отырғызу, өмірде түрлі қағажу көрген жандарға көмектесу, иесіз қалған жануарлар мен иттерге, мысықтарға қамқорлық жасау, есірткіге қарсы күреске, жас­өс­пі­рімдер арасындағы қылмысқа қарсы профилактикалық шаралар өткізу, тегін концерттер мен өнер көрсету және т.б. Сонымен қатар халықаралық ша­ралар өткізілгенде қонақтарды күту, аудармашылық қызметтер ат­қа­ру сияқты істерді атқаруға да қазір во­лонтерлер қызу араласады.

 

Солтүстік Қазақстан облысы