Аймақтар • 22 Қаңтар, 2020

Түркістан облысында 4 мыңнан астам мектеп қызметкерлері электронды жүйемен жұмысқа орналасқан

40 реткөрсетілді

Түркістан облысындағы барлық мектепте жұмысқа қабылдаудың автоматтандырылған jumys.snation.kz жүйесі ендірілген. Аталған жүйе жалпы орта білім беру ұйымдары педагогтарын жұмысқа қабылдауды және конкурстық тағайындау барысын автоматтандырады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жүйеде білім ұйымдарындағы техникалық қызметкерлердің бос орындары жайлы хабарламалар орналастырылады. Қазіргі таңда жүйеде педагогтар мен техникалық қызметкерлердің бос 11 008 жұмыс орны туралы хабарлама ілінген. Айта кетерлігі, өткен жылы өңірде 4282 адам осы жүйе арқылы жұмысқа орналасқан.

Сондай-ақ былтыр облыста педагог кадрларды аттестаттау алғаш рет электронды түрде өткізілді. Жүйе арқылы педагог өзінің жетістіктері туралы мәліметтерді өздеріне берілген логин және пароль арқылы кіріп өтініш жіберіп, аталған өтінішті сараптамалык комиссия мүшелері қарап өз бағаларын береді.

Облыс бойынша «Bilimland» цифрлық білім беру жүйесіне 100 пайыз мектептер қосылған. 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін 751 304 сабақ қаралымы болған, оның ішінде «BilimLand» – 237511, «Twig» – 17347, «iTest» – 462446, «iMektep»– 34000. Сонымен қатар, 2018 жылы облыстық бюджеттен цифрлық білім беру ресурстарымен қамтылған 1700 дана «Bilim Book» компьютер-планшет сатып алынып, шалғай жерде орналасқан интернет жылдамдығы төмен 235 мектепке берілген.

Сонымен қатар облыстағы 1453 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында (1214 балабақша, 697 шағын орталық) 147 337 бала бар. Вalabaqsha.snation.kz порталына қосу арқылы 2019 жылдың соңына дейін Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына жолдама беру және кезекке қоюды автоматтандыру көрсеткіші 100 пайызға жетті.

Бұдан өзге, «Нұр Отан» партиясының бастамашылық етуімен «Балалар үшін тегін ІТ-сыныптар» жобасы ұсынылған болатын. Бұл ІТ-сыныптарда балалар бағдарламалау дағдыларына, қарапайым алгоритмдер құрастыруға, Web-сайт және компьютерлік ойындар мен анимацияларды құруды европалық стандарттармен үйренеді. Жалпы 2018 жылы 20 тегін ІТ-сыныптар ашылса, 2019 жылы – 30, 2020 жылы 50 ІТ-сыныптар ашу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар

Келелі келісім кепілі

Саясат • Бүгін, 07:34

Жаңалығы көп жаңа жоба

Аймақтар • Бүгін, 07:29

Ел қоржынына кезекті жолдама түсті

Жеңіл атлетика • Бүгін, 07:09

Қарасазға ақпанда аққу қонды

Аймақтар • Бүгін, 06:45

Есқараның Таня – Тана әжесі

Руханият • Бүгін, 06:40

Алаштың ұясынан ұшқан ғалым

Руханият • Бүгін, 06:35

Қажымұқанның қос қанаты

Таным • Бүгін, 06:35

Таным мен тағылым

Абай • Бүгін, 06:30

Финалда есе жіберді

Теннис • Бүгін, 06:20

«Пайда ойлама, ар ойла»

Сұхбат • Бүгін, 06:15

Газдан туған «наз»

Руханият • Бүгін, 06:10

Қауіпті су қоймалары

Қоғам • Бүгін, 06:05

75 күймен рекорд жаңартты

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар