Алғашқы Шартта екі елдің құзыретті органдарының ұстап беру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау мәселелері регламенттеледі. Құжатта ұстап беру шарттары, ұстап беруден бас тарту негіздері, өз азаматына қатысты қылмыстық қудалауды жүзеге асыру үшін қажетті шараларды қолдану туралы, адамды үшінші мемлекетке ұстап беру шарттары, ұстап берілетін адам құқықтарының кепілдіктері толық айқындалған.
Сонымен қатар күзетпен қамауда уақытша ұстау, беруді және уақытша ұстап беруді кейінге қалдыру, ұстап берілген адамды транзиттеу шарттары белгіленген. Қос мемлекеттің ұстап беру мәселелерінде тікелей өзара іс-қимыл жасайтын құзыретті органдары көрсетілген. Шығыстар және өзара есеп айырысу тәртібі де Шарт бойынша ескерілген. Ал келесі Шартта тараптар қылмыстар үшін тергеп-тексеруге немесе қылмыстық қудалауға байланысты қолданылатын кез келген шараларды қоса алғанда, қылмыстық істерге байланысты өзара құқықтық көмек көрсетеді.
Екі елдің құзыретті органдарының өзара іс-қимыл жасау мәселелері регламенттеледі. Құжатта көрсетілетін көмектің тізбесі, көмектен бас тарту негіздері, құпиялылық туралы шарттар және көмек көрсету арқылы алынған мәліметтер мен дәлелдемелерді пайдаланудағы шектеулер, екі тараптың аумағында дәлелдемелер алу егжей-тегжейлі айқындалған.
Сондай-ақ жалпы отырыста цифрлық технологияларды реттеу мәселелері бойынша, «2012 жылғы 3 мамырда Люксембургте қол қойылған Хаттамамен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2008 жылғы 26 маусымда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Люксембург Ұлы Герцогтігінің Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобаларын жұмысқа алынды. Және ЕАЭО кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімді ратификациялау туралы, ЕАЭО мен Қытай Халық Республикасының кедендік шекаралары арқылы өткізілетін халықаралық тасымалдығы тауарлар мен көлік құралдары жөнінде ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мерзімі бекітілді.
Жалпы отырыс соңында бірқатар депутаттар құзіретті органдарға депутаттық сауалдар жолдады.