Аймақтар • 22 Қаңтар, 2020

Көкшетауда 9 аудиокітап жарық көрді

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық ішкі саясат басқармасы, «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі, «El Jastar» театры және де «JakonDRA Music» музыкалық студиясы бірлесіп қолға алған аудиокітаптарды жарыққа шығару жобасы  жалғасын табуда.

Көкшетауда 9 аудиокітап жарық көрді

Кезекті тұсаукесер жергілікті 9 қаламгердің туындыларын қамтыды. Заман талабына сай рухани байлықты насихаттауға бағытталған аталмыш жобаның алдағы жоспарлары да ауқымды. Білімімді жетілдіріп, жергілікті шайырлардың шығармаларымен сусындаймын деген жанға аудиокітап қолжетімді. Кез-келген уақытта, кез-келген жерде қолыңыздан түспейтін смартфоныңыз арқылы интернет желісінен тыңдай аласыз.   

–Қазір аудиокітаптар көп қой. Дегенмен, біздің кітаптардың бір ерекшелігі арнайы эффектілер арқылы оқиға беріледі. Айталық, Сәкен сері Жүнісовтің «Ақан сері» романындағы оқиғалар желісіне сай мағына үстейтін қосымша дыбыстар сәтті қолданылған. Сонымен қатар  жел, дауыл, құстардың дауыстары тыңдап отырған адамға өте әсерлі, дейді Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы директорының орынбасары Қуаныш Оспанов.    

Іс-шара барысында өнер «Рухани жаңғыру»  өңірлік жобалық кеңсесі, «El Jastar» театры және және Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық ғымыми- әмбебап кітапханасы үш жақты меморандумға қол қойды. Елімізде аталып өтетін  Абай Құнанбаевтың 175, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы және тағы да басқа  айшықты мерекелерде артылатын жүкті бірге көтеріп, тың туындыларды тыңдармандарға ұсынбақ.