Кіл мықтылар жиналатын жарыста Қазақстанның төрт спортшысы өнер көрсетеді. 61 кило салмақта Игорь Сон бақ сынайды. 102 кило салмақта Илья Ильин сайысқа түседі. 109 кило салмақта Ибрагим Берсанов күш сынасады. Ал әйелдер арасындағы 81 кило салмақ дәрежесінде Раушан Мешітханова жарыс көрігін қыздырады.
Қазақстанның ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Мельниковтің айтуынша, алда Олимпиада жолдамалары таратылатын санаулы ғана жарыстар қалды. Сол себепті де барлық бәсекеде отандық зілтеміршілер барынша табысты өнер көрсетуге тырысуы керек.
Ал өзге мықты ауыр атлеттеріміз сәуір айында Нұр-Сұлтанда өтетін Азия чемпионатына даярланып жатыр. Олардың қатарында Нижат Рахимов, Денис Уланов, Зүлфия Чиншанло және тағы басқа саңлақтар бар. Сол жарыста да жерлестеріміз үшін әлемдік рейтингтегі жағдайларын жақсартуға тамаша мүмкіндік туындайды.