Аймақтар • 22 Қаңтар, 2020

Ақмолада браконьерлер құрықталды

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыста «Браконьер» жедел-алдын алу шаралары өткізілуде. Шара барысында бірқатар заң бұзушылықтар анықталды.   

Ақмолада браконьерлер құрықталды

Екі апта ішінде полиция қызметкерлері орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлесе отырып, аң аулау ережелерін бұзғандар мен браконьерлерді әшкереледі.  

–Аңшылық қаруларын тасымалдау мен көші-қон заңнамаларын тиісінше орындауға ерекше назар аударылуда. Сондықтан да оқ-дәрілер мен қарулардың тиісті құжаттарының болуы қадағаланып, барлық көліктер тексерілуде, дейді полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Серік Баймұқанов.

Шара барысында арнайы мобильді топтар 127 әкімшілік заң бұзушылықты анықтады. Оның 68-і аңшылық ережелерін бұзу, 26-сы  заңсыз балық аулау.  4 қылмыстық іс қозғалып, 9  қару тәркіленді.

–Заңсыз аң аулау қылмыстық құқық бұзушылықтан жеңіл қылмыс санатына ауыстырылды. Сонымен қатар, браконьерлікке, жануарлар әлемін қорғау инспекторлеріне қысым көрсету, өмірлеріне қауіп төндіруге байланысты заңдар күшейтілді, дейді экологиялық полиция тобының аға инспекторы Анар Түкенова, әйтсе де оңай олжаға құныққандар әлі де азаятын емес.