Аймақтар • 22 Қаңтар, 2020

Барлаушылар арасында оқу-жаттығу өтіп жатыр

642 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Барлаушылар Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарындағы 4 полигонда жауынгерлік даярлығын арттырып жатыр. Бұл жайында қолбасшылықтың баспасөз қызметі хабарлады.

Барлаушылар арасында оқу-жаттығу өтіп жатыр

Далалық шығу тұрақты орыннан жорыққа шығудан басталды. Әскери қызметшілер жауынгерлік міндеттерін орындауға «Қарабатан», «Бекет Ата», «Оймаша» және «Есет батыр» полигондарына шықты. Қашықтықтың жартысын техникамен өтсе, қалғанын - толық жабдық пен киім-кешекте жүріп өтті.

Командирлер бәрін ойластырған. Марш кезінде барлаушыларды құрылған тосқауыл мен зақымдалған аймақ секілді сынақтар күтіп тұрды. Басты мақсат – әскери барлаушыларға босаңсытпау, шыдамдылық мен батылдықтарын тексеру.

- Далалық шығу – бұл жас әскерилерге сұрапыл полигондық жағдай мен алғашқы тәжірибелік оқулар болып табылатын жоспарлы іс-шара. Үйреніп қалған әскерилерге жиын өздерінің жауынгерлік және дене дайындықтарының деңгейін қалыпта ұстауға көмектеседі. Ал офицерлер болса шешім қабылдау, мақсатты айқындау және олардың орындалуын талап ету секілді командалық дағдыларды жетілдіреді, - деді әскери бөлім командирі, подполковник Есболат Нүрекешев.

Тәжірибе барысында қойылған міндеттерді толыққанды орындау үшін алдын ала құрылған шатырлы лагерь, шаруашылық жабдықталым пункты, далалық асхана жұмыс істейді, ал барлаушылар жорық жағдайда өмір сүріп және міндеттерімен айналысады.

Үш апта кезінде тәжірибелі офицер-нұсқаушылар мыңдаған әскери барлаушымен түрлі тәулік уақытында қару-жарақ, әскери және 100 арнайы техниканы пайдалана отырып, 100-ден астам сағат тәжірибелік және теориялық сабақтарын өткізеді.

Жиын барысында әскери қызметшілер барлау шолғындардың құрамында шартты қарсыластың байланысын істен шығару, торуылдау мен шабуыл жасау тактикасы, барлау-іздеу жұмыстары мен барлау, навигация, байланыс пен бақылау жабдықтарының қазіргі заманғы түрлерімен таныстырылады. Сабақтар барысында оқ ату даярлығының жаңа жаттығуларға басты назар аударылады.

- Далалық шығу жағдайында материал жылдам әрі жақсы ұғынуға болады. Сонымен бірге, бірге қызмет атқарған кезде біз бір-бірімізді жақсы тани аламыз, бауырластығымыз артып, кіммен барлауға шығатынымызды білеміз, - деп барлау ротасының командирі, капитан Қуаныш Абуталипов атап өтті.

Барлаушылардың далалық жиыны барлау бөлімшелерімен бақылау сабақтары мен тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізуімен аяқталады.

Барлау бөлімшесі – бұл өзін-өзі қамтамасыз ететін топ. Жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде қарсыластың тылында бола тұра барлаушылар объектілерді миналауды, таныс емес жерде картамен жұмыс істеуді, радиостансаны құрып және өз адамдарымен байланыс орнатуды, керек жағдайда жараланған жолдасына алғашқы медициналық көмек көрсетуді білулері керек. Сондықтан жиын барысында тактикалық, арнайы-тактикалық, оқ ату, инженерлік даярлықтың тәжірибелік және бақылау жаттығулары өткізіледі.