Аймақтар • 22 Қаңтар, 2020

«Ұлы Балқаш шақырады!» мұз өткелі акциясы ақпанда өтеді

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық қоғамның назарын Балқаш маңындағы экологиялық проблемаларға аудару және ішкі туризмді қолдау мақсатында былтыр акция ұйымдастырылып, 50 адамнан тұрған белсенді топ қыстыңгүні көлдің үстімен жүріп өткен еді.

«Ұлы Балқаш шақырады!» мұз өткелі акциясы ақпанда өтеді

Топ ішінде белгілі қоғам қайраткерлері Асылбек Қожахметов, Ажар Жандосова, журналист Сергей Пономарев, пианист Жәния Әубәкірова болған.

Енді бұл игі шара дәстүрге айналатын болып, биыл да қарағандылық бір топ белсенді мұз қатқан Балқаш көлінің үстімен жүріп өтпекші. «Ұлы Балқаш шақырады!» деп аталатын екінші мұз өткелі акциясы ақпан айының 14-15 күндері өтеді деп жоспарланған. Шара бағдарламасының аясында «Форсайт-әңгімелесулер: адам және қоғам 2035» зияткерлік жаттығулары, ХХІ ғасырдың экологиясы, денсаулық және ұзақ өмір сүру, кәсіпкерлік тақырыптарына арналған шеберлік сабақтары қарастырылған.

Акция барысында «Қазақстанның ММА аралас жекпе-жек бойынша біріккен федерациясы» РҚБ бас директоры Уәлихан Тен, МВА AlmaU бағдарламасының түлегі, «Таксистен миллионерге дейін» кітабының авторы, tenderbot.kz және taxi.kz порталдарының негізін қалаушы Тимур Құдайбергенов және журналист-эколог, Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Сергей Пономарев спикерлік етеді.