Руханият • 22 Қаңтар, 2020

Шымкентте Абайдың 175 жылдығына орай поэзия кеші өтті

496 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкенттегі көрме орталығында ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған поэзия кеші өтті. Мәдени іс-шарада ұлы ақынға арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Шымкентте Абайдың 175 жылдығына орай поэзия кеші өтті

Көрмеге Абай туралы кітаптар мен естеліктер және ақынның өз шығармалары қойылды.

«Абай мұрасын насихаттау барысында ауқымды іс-шаралар өтуде. Күні кеше еліміздегі Абай операсында биылғы мерейтой басталды. 2020 жылы Қазақстанда ғана емес, шетелдерде де Абайға ескерткіш қойылып, Абай орталықтары ашылмақ. Қай сала маманы болмасын ұлы данышпанды темірқазықтай ұстап, терең тануы керек», деді Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысының орынбасары Ғалия Шарафиева.

Поэзия кешінде химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары, «Б.Өтеп» атындағы мамандандырылған «Өнер» мектеп-интернатының және М. Тасова атындағы №12 мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары Абайдың өлеңі мен қара сөздерін жатқа айтып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.