Аймақтар • 22 Қаңтар, 2020

Өнер академиясында «Uly Dala Jastary» байқауы өтті

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының «Хореография» факультетінің құрылғанына  25 жыл толуына орай «Uly Dala Jastary»  жас хореографтардың II республикалық байқауы өтті.

Өнер академиясында «Uly Dala Jastary» байқауы өтті

Алматы қаласы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің мәліметіне сүйенсек, «Хореография» факультеті Еріктілер жылындағы бірінші іс-шараны факультеттің еріктілермен бастады. Олар талапкерлерді тіркеу, экскурсия, екі турға дайындық мәселелеріне белсенді көмектесті.

II республикалық «Uly Dala Jastary» жас хореографтардың байқауы академияға түсу үшін талапкерлерді іріктеу мақсатында ұйымдастырылды. Байқаудың қорытындысы бойынша І дәрежелі лауреаттар — шығармашылық емтихан тапсырмай хореография факультетіне түсу құқығына ие болды.

Байқаудың ашылуында тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры А. А. Шоман  мырза құттықтау сөзімен сөз сөйледі.

Факультет ауқымды кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша байқауға 19 талапкер қатысты. Олардың ішінде алты жеңімпаз  4 мамандық бойынша үміткер деп танылды. Байқау бағдарламасы халықтық және заманауи билерге арналды.

Байқау нәтижесі бойынша 1-орынға Белоусов Роман, Ғазизова Ажар, Саябаева Малика, Серғазықызы Дамира, Сүлейменова Далила, Хан Эльвина, ал 2-орынға Егінбай Ерасыл, Қуанышева Дильназ, Құмарова Әдемі, Орынбасар Айша, 3-орынға Ислямова Ажар, Құттыбай Аружан, Максимова Наргиз ие болды.