Қазақстан • 22 Қаңтар, 2020

Елордада күрделі жөндеуден өткен жолаушылар вагондары таныстырылды

205 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін «Нұрлы жол» вокзалында «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры М. Кортюм БАҚ өкілдеріне Гомель қаласында (Беларусь Республикасы) күрделі жөндеуден өткен жолаушылар вагондарын көрсетті. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығы хабарлады.

Елордада күрделі жөндеуден өткен жолаушылар вагондары таныстырылды

Жолаушылар жылжымалы құрамын пайдалану кезінде вагондарды күрделі жөндеуден өткізу көзделген. Ескі вагоннан жөндеу кезінде тұтас металл шанақ пен арба рамасы ғана қалады. Қалған бөлшектері толықтай жаңартылады.

Белоруссияда күрделі жұмыстан өткен жолаушылар вагондары толықтай жаңартылып, купе вагонынан плацкарт вагоны жасақталған. Вагон ішінде енді бейнебақылау, кондиционер жүйесі, әрбір жолаушының отыратын орынында 220В розетка, жолсерікті шақыруға арналған сигналдық түймешек, таза су кулері, тоңазатқыш пен қысқа толқынды пеш орнатылған.

Компанияның Даму Стратегиясының маңызды бағыттарының бірі - жолаушылар вагондарының тапшылығын шешу болып табылады. Онда вагондардың санына ғана емес, сапасына да көңіл бөлінеді. Қазіргі уақытта ескі вагондарды жөндеу кестесі әзірленген. Вагон паркін кезең-кезеңмен жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жыл сайын вагондар 100 бірлікке дейін жаңаратын болады.

Жалпы 2016-2019 жылдар аралығында 269 вагон сатып алынды. Оның ішінде өткен жылы «Тұлпар» ЖШС вагон жасау зауытының ресей технологиясы бойынша құрастырылған 91 жаңа вагоны бар. 2020 жылы «Тұлпар» ЖШС-нен 118 вагон сатып алу жоспарлануда. Оның 18 бірлігі - 2020 жылдың 1 тоқсанында, ал қалған 100 бірлігі 2020 жылдың 4 – ші тоқсанында. Сондай-ақ қызмет көрсету мерзімін ұзарту үшін 85 вагонды күрделі-жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта ұлттық тасымалдаушының вагон паркі 2200-ден астам бірлікті құрайды, оның ішінде «Тұлпар – Тальго» вагондары - 670 бірлік.