2020 жылы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясындағы мәдени іс-шаралар мен «Абай әлемі және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциядан бөлек облыс көлемінде бірқатар жұмыстар атқарылмақ.
Биыл сонымен қатар өнерсүйер қауым Пір-Бекет Атаның 270 жылдығына орай қалалық ақындар мүшайрасы мен Ақтау қалалық «Жыр-ғұмыр» атты кәсіби жыршы-термешілер байқауын тамашалай алады.
Қазақ халқының құнды жәдігері киіз үй түрлері, оның құрылымы, жасаушы шеберлер туралы деректер жинақталып, «Тіршілік нәрі, көненің көзі - Маңғыстау құдықтарын» зерттеу, олардың тізімін жасақтап картасын дайындау, мемлекет қорғауына алу бағыттарында кешенді іс-шаралар жасалады.
Сондай-ақ өңірлік сараптау кеңесі төрағасының орынбасары, өлкетанушы Алқажан Еділхантегінің айтуынша, қазақстандық ғалымдар «Адай жылқысы» мәртебесін алу мақсатында осы жылдың соңына дейін жұмыла жұмыстанбақшы.