Осы орайда Білім және ғылым министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, аталған тапсырманы орындау аясындағы шараларды қабылдады. Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, еліміздің 30-дан астам жоғары оқу орнының студенттеріне көбейтілген шәкіртақы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар тарапынан колледж студенттеріне стипендия төлене бастады. Осылайша, жоғары оқу орнының 179 мың студенті мен колледждердің 136 мың студентінің шәкіртақы көлемі артып отыр.
Айта кеткен жөн, бакалавриат студенттерінің стипендиясы 20 949 теңгеден 26 186 теңгеге дейін, интернатура – 37 945 теңгеден 47 431 теңгеге дейін, магистратура – 53 530 теңгеден 66 913 теңгеге дейін, докторантура – 81 998 теңгеден 102 498 теңгеге дейін өсті.
Колледж студенттерінің стипендиясы 16 759 теңгеден 20 948 теңгеге артты.