Руханият • 23 Қаңтар, 2020

Рухани жаңғырудың негізгі кілті

379 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ұлттық сананы сақтау және оны заман талабына сай бейімдеу мемлекеттік маңызы бар мәселеге айналып отыр. Өйткені сананы жаңғырту ар­қылы ХХІ ғасырда елі­міз­дің тың серпінмен дамуы­на жол ашылмақ. Осы ретте қазақ елінің ұлттық сана­сын көтеруде бас ақын Абай Құ­нанбайұлы туынды­лары­ның ерекше орын алатынын ескеруіміз керек.

Рухани жаңғырудың негізгі кілті

Мемлекет басшысы Қа­сым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы қыркүйек айын­дағы Қазақстан халқына Жол­дауында: «2020 жылы Әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын атап өту жайлы, сонымен қатар ғұ­лама тұлғаларымыздың ең­бек­терін халық арасында дә­ріп­теуіміз керек» деп ай­тыл­ған. Осы тұрғыда үс­ті­­міздегі жылдың 9 қаң­тарын­да Президентіміздің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақ­стан» атты мақаласы жарық көрді. Аталған мақалада Абай мұрасының тигізер пай­да­сының зор екендігі, ұлы ақын­ның шығармалары бүгін де өзектілігін жоғалтпағаны және Абайдың ой-тұжырым­дары баршамызға қашанда рухани азық болатындығы айтылған.

Абай әрқашан шын ниеті­мен елді алға жылжуға күш салды, өсіп-өркендеуге ті­леу­лес бола отырып, осы идея­сын барынша өз шығар­маларында дәріптеген. Ал ілгерілеудің негізі білім мен ғылымда екенін анық білген ол, қазақ халқын бар жан-тәнімен дамылсыз оқып-үй­ренуге шақырды. Өз шы­ғармаларында «Ғылым таппай мақтанба» деп, білімді игермейінше, биіктердің ба­ғына қоймайтынын айтты. Ол «Біз ғылымды сатып мал із­демек емеспіз», деп тұ­жы­рымдап, кері­сінше ел дәулетті болуы үшін ғылымды игеру керек­тігіне назар аударды. Пре­зидентіміз ғұлама Абайға «ұлттық болмыстың үлгісі», «мемлекет ісінің мүдделесі», «жаңа қоғамның жанашыры», «әлемдік мәдениеттің тұлғасы» деп жан-жақты нақты баға береді. Қазір әлем күн сайын емес, сағат сайын өз­геруде. Сондықтан барлық салада жаңа міндеттер мен тың талаптар қойылуда. Ғы­л­ым­дағы жаңалықтар адамды алға жетелейтіндіктен, ақыл-оймен ғана озатын кезең келді деп санаймыз. Заман көшіне ілесіп, ілгері жылжу үшін біз сананың ашықты­ғын қамтамасыз етуіміз керек. Бұл қадам өркениеттің озық тұстарын ұлттық мүддемен үйлестіре білуді талап етеді.

Ойшыл Абайдың туын­дыларының әрқайсысы жеке зерттеуге, арнайы кө­сіліп жазу­­ға сұранып тұр­ған рухани қазына. Абай өлеңдерінің маңызы өте зор, онда ақын­ның бүкіл өмірі бейнеленген, жарқын болашағы мен армандары туралы баяндалады. Оның уайымдатқан мәселе­лері қазіргі заманға сай келе­ді. Адамдарды адам­­герші­лік, имандылық, гу­ма­низм және бейбітшілік мәсе­­лелері әлі күнге дейін алаң­­датып келеді. Бұл ақын­ның көр­кем­­сөзінің құдіреті. Абай­дың шығар­ма­шы­лығы таң­ға­жайып күш, керемет те­рең­дік пен жан-жақты бо­лып келеді.

Қорытындылай келе, ғұ­лама ақын, ойшыл Абайдың мұрасын ұғыну ғасырдан-ға­сырға жалғаса береді, оның мағыналы өлеңдері ешқашан да өзінің күшін жоғалтпайды. Ұлтты тәрбиелеймін десек Абайдың өлеңдерімен, шы­ғар­маларымен сусын­дату керек. Себебі Абай шығар­ма­ларындағы адам бойындағы қасиеттер адамгершілік тәр­биесі, еңбек ету, білім және ғылым, адамгершілік рух пен әділеттілік жайлы жазылуы, еңбектерінің өшпес мұра екендігіне кепілдік береді. Абай қалдырған ілімді тану арқылы біз өз болмысымызды танып, болашағымызды бағдарлаймыз.

 

Акпар Айжан,

Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының кіші ғылыми қызметкері