Экономика • 23 Қаңтар, 2020

Үш жылға салықтан босатылды

278 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Өткен жылдың соңында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев микро және шағын бизнесті табыс салығынан үш жыл­ға босататын заңға қол қойды. Ұлттық экономи­ка министр­лігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Қазақ­стан Республикасының кейбір заңнамалық акті­леріне оңалту және банкроттық рәсімдерін, бюджет, са­лық заңнамасын және темір жол көлігі туралы заң­наманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен то­лық­тырулар енгізу ту­ралы» заңы арқылы 2020 жылғы 1 қаң­тардан 2023 жыл­ғы 1 қаңтарға дейін бірқатар отандық салық төлеу­ші­лер салық төлеуден босатылды.

Үш жылға салықтан босатылды

Бұл шағын және орта бизнес өкілдерінің салық жүк­те­месін жеңілдету үшін жасалу­да. Заңнамаға сәйкес микро бизнес, бұл 15 адамға дейінгі жұмысшысы бар және жылдық табысы 30 мың АЕК (79 млн теңге) дейін­гі жеке кәсіпкерлер, ша­ғын бизнес – бұл 100 адам­ға дейінгі жұмысшысы және 300 мың АЕК (795 млн теңге) жылдық табысы бар жеке кәсіпкерлер мен заңды тұл­ғалар. Табысқа салынатын салық – заңды тұлғалар үшін кор­поративтік табыс салығы, жеке кәсіпкерлер үшін жеке табыс салығы, шаруа немесе фермер қожалықтары үшін бірыңғай жер салығы, сондай-ақ оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режімдері қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін әлеуметтік салық болып табылады. Барлық қалған салықтар мен төлемдер міндеттемелер туындаған кезде төленеді. Бұл ретте, салық төлеуден босату арнайы салық режімдерін (АСР) қолданатын шағын және шағын кәсіпкерлік субъек­тілеріне қолданылады. Соны­мен қатар төменде аталған қызметтерді орындайтын са­лық төлеушілер салықтан боса­тыл­майды. Яғни, есірткі құрал­дарының, психотроп­тық зат­тар мен прекурсорлар­дың ай­­на­лымына байланыс­ты қыз­метті; акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме саудада сату­ды; астық қабылдау пункт­терін­де астықты сақтау бойын­ша қызметті; лотерея өт­кізу­­­ді; ойын бизнесі сала­сын­­­­дағы қыз­метті; радио­а­к­­тив­­ті материалдар айна­лы­­­­мы­на байланысты қыз­мет­­ті; банктік қызметті (не банк опе­ра­цияларының жеке­леген түр­лері) және сақ­тан­дыру на­ры­ғындағы қыз­метті (сақ­тан­дыру агенті­нің қыз­меті­нен басқа); аудит­орлық қыз­метті; бағалы қағаз­дар нары­ғын­дағы кәсіби қыз­мет­ті; кредиттік бюро­лар­дың қыз­метін; күзет қыз­метін; аза­маттық және қыз­меттік қару мен оның патрон­­дарының айналымына байланысты қызметті; жер қойнауын пайдалану саласындағы қыз­мет­ті, оның ішінде алтын іздеу­шілердің қызметін; пайдалы қазба­лар­ды сатуды, оның ішінде трейдерлер қызметін, көмір, мұнай сату бойынша қызметті; бензиннің, дизель отыны мен мазуттың мұ­най өнімдерінің жекелеген түр­лерін бөлшек саудада сатуды; сыртқы экономикалық қыз­метті орындаушылар салық төлеуді жалғастырады.

Табысқа салынатын салық­тардан босату 1,2 млн мик­ро және шағын кәсіпкерлік субъектісіне қолданылады. Бұл бизнеске үш жыл ішінде 380 млрд теңгеден астам қара­жат үнемдеуге, босаған қара­жатты өз қызметін дамытуға бағыттауға мүмкіндік береді.