Экология • 23 Қаңтар, 2020

Камера алдында ойқастаған қар барысы

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таяуда Алматы мемле­кеттік табиғи қорығын­дағы фототұзақ объективіне үш қар барысы түсті.

Камера алдында ойқастаған қар барысы

БҰҰ Даму бағдарла­масының жа­нуарлар әле­мін басқару жүйесі бо­йынша сарапшысы Ай­ман Омарбекованың айтуынша, аталған аңның ка­мераға екі аланымен жүр­ген енесі түскен екен. Кү­шіктердің жасы – шамамен 1,5 жыл. Сирек кадрды биыл қаңтар айының басында Алматы қорығы мен Зоо­логия институтының ма­мандары алды.

Елімізде қар барысы ай­рықша қорғалатын Тянь-Шань, Жетісу, Тар­бағатай, Сауыр мен Ал­тай тауларында мекен­дейді. БҰҰ Даму бағдарламасы былтыр қар барысын бақылау мен қорғау мақсатында Ал­маты табиғи қорығына 25 фотоқұрылғы сатып алып беріпті. Бұл құрал Жаһандық экологиялық қор, БҰҰ ДБ және Қазақ­стан Үкіметінің ортақ жобасы аясында сатып алынды. Қазіргі уақытта қар барысын бақылау үшін 294 фотоқұрылғы Алматы, Шығыс Қазақстан, Жам­был және Түркістан об­лыс­тарындағы ерекше қор­ғалатын 13 аумаққа қойыл­ды. Ал елімізде ба­рыс­тың жал­­пы саны 130-140 шамасында.