Руханият • 23 Қаңтар, 2020

Хакім есімі лайықты ұлықталып келеді

206 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азия қалам­гер­ле­рі­нің бірінші форумында сөйлеген сөзінде «Абай шығармалары – адам­затқа ортақ рухани жауһарлар», деп төл әдебиетіміздің асқар шыңға шығуы ұлы ойшыл Абайдың даналық болмысымен тығыз байланысты екендігін атап өткен болатын.

Хакім есімі лайықты ұлықталып келеді

Биыл қазақтың бас ақыны, ойшыл, философ, аудармашы, композитор, ғұлама ғалым, кемеңгер тұлға Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы. Осы орайда, Ұлы ақынның нағашы жұрты саналатын Қарағанды облысындағы Абай есімін ие­ленген елді мекендер мен ныса­н­дар­ға тағы бір мәрте шолу жасай кет­кенді жөн көрдік.

Облыс орталығындағы Бұ­қар ж­ырау даңғылы бойын­да орналасқан «Қара­ған­ды об­лыс­тық балалар кітап­ха­на­сы­­на» 1954 жылы Абай есімі бе­ріл­ген. Сол жылы Қарқаралы ауда­нында Абай селолық окру­гі пайда болды. Об­лыстағы Абай қаласында 1969 жылы «Абай атындағы тігін фабрика­сы» құрылған. 1973 жылы өңір­де Абай атындағы аудан құ­рыл­ды. 2008 жылы кеншілер аста­на­сындағы «Шалқыма» концерт залының алдында Абай Құнанбайұлына ескерткіш қо­йыл­­­ды. Сонымен қатар осы жылы Абай ауданының «Аbai-aqiqat» газеті жарыққа шыға бас­тады. 1985 жылы Ақтоғай ауда­нындағы Абай Құнанбайұлы ауы­лында хакім­ге ескерткіші орна­тылды. 1997 жыл­­дан бастап Абай қаласы Абай ауда­­нының орталығы болып құ­рыл­ды.

Бұдан бөлек, облыста кемең­гер ақын атындағы көптеген ны­­сан бар. Мысалы, Абай қала­сының басты көшесіне Абай есі­мі берілген. Абай атындағы әдеби-мемориалдық мұражай бар. Абай қаласында «Абай және Калинин» атындағы шахта жұмыс істеді. Абай қаласында ақынның есімі­мен көше аталды. Ақтоғай ауда­нын­­да Абай Құнанбайұлы атында ауыл бар. Абай ауданындағы Топар ауы­лын­да Абайдың есімін ие­лен­ген мектеп бар. Облыс­та­ғы Сәтбаев қаласында Абай атын­­да­ғы №4 мектеп-лицей жұ­мыс істейді. Абай қаласында Абай атындағы №5 мектеп-гимназия бар. Шет ауданының Жұмыскер ауылындағы орта мектеп Абай Құнанбайұлы есімін иелік еткен. Ақтоғай ауданындағы Абай ауы­лында Абай атындағы негізгі орта мектеп бар. Нұра ауданының Шұ­бар­көл ауылындағы мектеп те Абай есімімен аталады. Қар­қа­­ралы ауданындағы Абай село­лық округінің мек­те­біне қа­зақ­тың бетке ұстар ақы­ны­ның есімі берілген. 2019 жылы Қар­қа­ралы қаласында Құнан­бай қажы мен бала Абайға ескерт­кіш қойылды. Ал күні кеше Қа­ра­ғанды көшелерінің атауларын ауыстыру жөніндегі көпшілік тың­дауда қала тұрғындары облыс орта­лығындағы Ленин көшесін Абай есімімен атауға бір кісідей дауыс берді.

 

Гүлдана ЖАРКЕЕВА,

Н.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мерзімді басылымдар бөлімінің қызметкері

 

ҚАРАҒАНДЫ