Аймақтар • 23 Қаңтар, 2020

Ұлағат ұққан ұшпаққа шығады

320 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлы Абайдың тойы – ел тойы. Облыс орталығында Nur Оtan партиясы Ақмола облыстық филиалы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің мүшелері алғашқы отырысын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласына арнап өткізді.

Ұлағат ұққан ұшпаққа шығады

Жиынға қатысушылар ма­қа­ланы мемлекет пен қазақстан­дықтар үшін  аса қажет еңбек деп бағалады. Аға буын өкілдері Абайдың «толық адам» концепция­сын басты назарға алып, жастарға жіті түсіндірді. Зиялы қауым өкіл­дері ұлт мақтанышының мұратын насихаттауға шақырған мақаланы ыстық ықыласпен қабылдағандарын жеткізді.

– «Мирастың» 2020 жыл­ғы алғашқы отырысын Абай шы­ғар­маларын насихаттау, Мем­лекет басшысы Қасым-­Жомарт Тоқаевтың материа­лының мән-маңызын жастар­ға түсін­діруге арнап отырған жа­йымыз бар. Мен өз басым Пре­зи­дент­тің бұл мақаласын Абайды жаңаша танудың көзқарасы деп бағалаймын. Абайдың біз­дің ұлттың мәңгілік ел болу жо­лындағы айтқан сөздері, одан қалды Абайды бүгінгі күні мемлекеттік іспен байланыстыра сөйлеу, Абайдың бай мұраларын әлемге таныту, Абайды өзіміз тану арқылы оны әлемге таныту мәселесі Президенттің ой-толғау еңбегінде жақсы көтеріліп отыр,–деді облыстық Nur Оtan партиясы филиалы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің төрағасы Жабал Ерғалиев.

Ұлы ақынның өсиеті – ел ер­кіндігі мен бостандығы. Сон­дықтан Абай мұрасына тәуелсіз жастардың көзқарасы қажет екені анық.

– Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының мақаласы біз сияқты жастарға рух бергендей болды. Мысалы, мен өзім актер мамандығына оқы­ған­дықтан, бізге мықты моти­вация береді, – дейді Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенті Саяділ
Ноярбеков.  

Ұлттық сананы сақтау мен оны заман талабына сай бейімдеу қашан да өзекті. Бұл жолда ұлы дананың ой-тұжырымдары бағ­дар­шам, рухани азық бол­мақ. Бұл ретте, жиын қатысу­шылары ұлы ойшылдың қазақ­ты қайтсек жақсартамын деген ұстанымын негізге алуға
шақырды.

 

КӨКШЕТАУ