Үкімет • 23 Қаңтар, 2020

АШМ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл талқыланды

174 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ауыл шаруашылығы министрлігінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлескен ауыл шаруашылығы саласындағы жемқорлықтың алдын-алу жөнінде жиын өтті. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

АШМ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл талқыланды

Жиынға Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі Г.С.Исаева, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының орынбасары Н.А. Шабдар., Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Марс А.А. және комитет ұжымы қатысты.

Жиында сөз алған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице - министрі Г. С. Исаева ведомстводағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында осындай жиындарды өткізудің маңыздылығын атап өтті.

2018 жылдың басында Министрлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен құрылған (2018 жылдың ақпан айы) арнайы жұмыс тобы анықтаған Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті тарапынан мемлекеттік сатып алудағы 2017 жылғы жіберген бұзушылықтар бойынша  барлық материалдарды жіберген.

Өз кезегінде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аталмыш комитеттің қызметіне талдау жүргізіп, мемлекеттік сатып алулар және мердігерлермен қызмет көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтады.

Сонымен қатар жиынға қатысушыларға қызметтік өкілеттігін теріс және асыра пайдалану фактісі бойынша Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің экс-төрағасы Е.Т.Айнабековке қатысты қылмыстық іс шеңберінде қылмыс жасауға ықпал еткен жағдайларды жою туралы ұсыныстар қаралып, түсініктеме берілді.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, азайту және осы салада қылмыс жасауға ықпал еткен жағдайларды жою бойынша барлық ұсынымдарын орындады.

Атап айтар болсақ, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінде аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы өңдеу кезінде қолданылатын арнайы техниканы мемлекеттік тіркеу ережелеріне сәйкес техникалық паспорттарды ұсыну бойынша талаптар белгіленген. Сондай-ақ техника түрлері мен өңдеу орындары нақтыланды.

Министрліктің ішкі үдерістерін басқару жөніндегі нұсқаулыққа және Мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысатын барлық бөлімшелер мен барлық мемлекеттік қызметшілердің жедел өзара іс-қимылына қатысты Комитет қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулығына өзгерістер енгізілді.

Сондай-ақ профилактикалық әсер ету мақсатында АШМ агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің еңбек ұжымына сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін шенеуніктердің жазалары туралы бейнеролик көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше