Аймақтар • 23 Қаңтар, 2020

Ақтау битум зауыты 2019 жылғы өндіріс жоспарын артығымен орындады

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылдың қорытындысы бойынша 50% үлесі «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына тиесілі «CASPI BITUM» БК» ЖШС жол битумын өндіру көлемі 369 073 тоннаны құрады. Бұл жоспарланған көрсеткіштен 23%-ға артық. Салыстыратын болсақ, 2018 жылы зауыт 308 286 тоннаны өндірген болатын. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы жұртшылықпен байланыс департаменті хабарлады.

Ақтау битум зауыты 2019 жылғы өндіріс жоспарын артығымен орындады

Мұнайды өңдеу көлемі былтыр 885 969 тоннаға дейін жетті. Бұл өз кезегінде жоспардан 15%-ға артық (2018 жылы – 819 000 тонна).

2019 жылдың қорытындысы бойынша Ақтау битум зауытының өнімін ең көп Маңғыстау, Алматы және Ақтөбе облыстары пайдаланады екен. Олардың үлесі сәйкесінше 18,5%, 18,1% и 10,6% құрайды.

Ақтау битум зауыты техникалық сипаттамалары бойынша сапасы жоғары жол битумын шығару үшін ең оңтайлы шикізат болып табылатын «Қаражанбас» кен орнының мұнайын жылына 1 млн тоннаға дейін өңдей алады.