Спорт • 23 Қаңтар, 2020

Моңғолия қазағы Дүниежүзілік конькимен сырғанау сайысынан күміс медаль иеленді

694 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Австрияның Инсбрук қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік аға буын спорт шеберлерінің конькимен сырғанау ІІІ қысқы ойындарынан Моңғолияның спорт шебері, Бай-өлке аймағы Салық бөлімінің аға инспекторы  Берболат Қабденұлы күміс жүлдеге ие болды.

Моңғолия қазағы Дүниежүзілік конькимен сырғанау сайысынан күміс медаль иеленді

Ол 5000 метрлік қашықтағы жарыстан, әлемнің 24 елінен келіп қатысқан спортшылар арасынан жоғарыдағы нәтижеге қол жеткізді.

Әлемнің ардагер спорт шеберлеріне арналған III Дүниежүзілік қысқы ойындарына /Winter World Masters Games/ Моңғолия атынан қатысқан 36 спортшы конькимен сырғанау, шорт-трек, хоккей, шаңғы тебу қатарлы категория бойынша бақ сынауда.

Қуат УАТХАН, журналист

Моңғолия, Бай-өлке аймағы