Аймақтар • 23 Қаңтар, 2020

Шымкентте қоғам белсенділерінің отырысы өтті

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықпен сындарлы диалог құру және парасаттылық қағидаттарын насихаттау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жанынан Ақпараттық-ағартушылық штабы құрылды.

Шымкентте қоғам белсенділерінің отырысы өтті

Бұл тұрғыда ақпараттық үгіт насихат штабының мақсаты - халық арасында, құқық қорғау және мемлекеттік органдарда, сондай-ақ, жас буын және т.б. салалар арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бойынша кең ақпарат тарату.

Департамент ғимаратында қалалық Ақпараттық-ағартушылық штабының алғашқы отырысы өтті.

Штаб жұмысына тоқталған департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, қоғам мен мемлекеттік аппарат арасында тығыз және өзара тиімді ынтымақтастық орнату – сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ жерде мықты және заманауи мемлекет құрудың басты факторы болып табылатынын жеткізді.

Штаб құрамына белгілі азаматтар, зейнеткерлер, журналистер, жастар мәслихатының мүшелері, жас кәсіпкерлер мен білім беру орындарының өкілдері енді.

Жиын қорытындысы бойынша жоспар түзіліп, нақты бағыттар белгіленді.