Қазақстан • 23 Қаңтар, 2020

Алтай Көлгінов: Елордада төтенше жағдай режімі енгізілген жоқ

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда әкімі Алтай Көлгінов ауа райының қолайсыздығына байланысты қала тұрғындарына Нұр-Сұлтан қаласы аумағынан шықпауға кеңес берді.

Алтай Көлгінов: Елордада төтенше жағдай режімі енгізілген жоқ

Суретті түсірген Ерлан ОМАР

«Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режімін енгізуді ұсынды. Қазір біз бұл ұсынысты комиссиялық түрде тыңғылықты талқылаймыз. Дегенмен, дүрбелең тудыруға негіз жоқ. Ауа райына қатысты өткен отырыста барлық қызметтердің өкілдерін тыңдадық. Осы орайда тиісті жоспарды құрып, күшейтілген тәртіпте жұмыс істейтін боламыз» деді А. Көлгінов.

Елорда әкімінің айтуынша, аталған режім енгізілетін болса, эвакуациялық пункттер болуы керек.

«Автобустар немесе басқа да көліктер тұрып қалған жағдайда, адамдарды жылыту және тамақтандыру орындары қажет. Мұнымен қоса, жеке компаниялардың техникасын тартатын болсақ, оларға тиісті қаражатын бөлу керек. Жалпы, бұл мәселелерді өтетін комиссияда ақылдасамыз» деді А.Көлгінов.

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше