Оқу-жаттығу жиыны 23-31 қаңтар аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Жиынның соңғы күні Чехияның Брно қаласына жол тартады. 2020 жылғы Әлем Чемпионатының элиталық кезеңінің іріктеу ойындары 2-5 ақпан аралығында болмақ. Аталған ойында Қазақстан құраманың қарсыластары – Румыния, Словения және Чехия.
Оқу жаттығу жиынына 16 ойыншы қатысады.
Қақпашылар: Игита («Қайрат»), Александр Гуров («Аят»), Нұрәлем Байдолла («Жетісу»);
Алаңдағы ойыншылары: Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов, Нұрсұлтан Пиялы, Дуглас (барлығы - «Қайрат»), Азат Валиуллин («Аят»), Дінмұхамед Сүлейменов, Арнольд Кнауб (екеуі де - «Жетісу»), Қайрат Иманалин («Ақтөбе»), Тайнан, Лео (екеуі де - «Спортинг», Португалия);
Жаттықтырушылар штабы: Рикардо Кака – бас бапкер, Сергей Коридзе – бас бапкердің көмекшісі, Де Соуза Лиуз Энрике – дене даярлығы бапкері, Нұрлан Битүгілов - дәрігер, Тиаго Виейра - физиотерапевт, Жандос Кеңесов - администратор, Уәлихан Байтақов - менеджер.