Дөңгелек үстел барысында қазақстандық авиациялық билік орындары ТМД елдерінде алғаш рет енгізілген «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ құру арқылы саланы реттеудің жаңа тәсілін таныстырды, оған ИАТА өкілдері мен авиациялық сарапшылар оң баға беріп, Қазақстан Орта Азия елдерінің арасында бірінші болып осындай тәсілді іске асыратынын атап өтті. Сондай-ақ отырысқа қатысушылар Қазақстанның бірнеше әуежайларында енгізілген «ашық аспан» режімін Орталық Азияның азаматтық авиациясын
Дөңгелек үстел аясында ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының ИАТА аймақтық басшысы Раймондс Грунтиспен кездесуі өтті, онда 2020 жылдың сәуір айында Нұрсұлтан Назарбаев әуежай кодының ауысуы расталған болатын. Қазіргі уақытта тиісті рәсімдер жүргізіліп жатыр.
Отырыс барысында әуе компаниялар қауіпсіздік авиациялық қауымдастық үшін маңызды басымдық болып табылатынына және қауіпсіздіктің ең жоғары деңгейіне жету үшін бірлескен күш-жігер қажет екендігіне баса назар аударды. Атап айтқанда, IOSA аудиті әуе компаниялар үшін аса жоғары қауіпсіздік стандарттарын қамтамасыз ететін маңызды бағдарлама болып табылады және реттеуші органдар аудитті ұшу қауіпсіздігі деңгейін арттыру үшін маңызды бағдарлама ретінде қарастыруға тиіс. Әуе компаниялар әуежайлардағы әуе жанар-жағармайының жеткізуде тиімді бәсекелестікті қолдайды. Осы мақсатта әуежайларда әуе компанияларға әуе жанар-жағармайын жеткізу және сату үшін әуе жанар-жағармайын жеткізушілер нарығына ашық және кемсітусіз қол жеткізудің арқылы әуежайларда тиімді бәсекелестікті ынталандыратын ережелерді енгізу ұсынылады. Ашық қолжетімділік еркін және адал бәсекелестікті күшейтеді, бұл өз кезегінде бағаның төмендеуіне және қызмет көрсету деңгейінің артуына алып келеді.
Бұдан басқа, авиациялық қоғамдастық пен Еуропалық Одақтың биліктері арасындағы ынтымақтастықты нығайту ең үздік тәжірибе мен білімді пайдалана отырып, коммуникацияны жақсартуға және авиацияда жалпы мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Әуе компаниялар аймақтағы API/PNR дамуын, Орталық Азия елдерінде бағдарламаны іске асырудың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылады. Әуе компаниялар API/PNR енгізу ұлттық қауіпсіздік мәселесі болып табылады және сондықтан мемлекеттік органдармен қаржыландырылуы тиіс деген пікір білдірді.