Аймақтар • 24 Қаңтар, 2020

62 көшеге жаңа атау берілді

1311 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2018 жылы Шығыс Қазақстанның ономастика саласында бұрын-соңды болмаған дүмпу болып, Зырян қаласы мен ауданның аты Алтай деп өзгеріп, облыс орталығы – Өскемендегі 35 көше мен екі саябаққа, Семейдегі 10-ға жуық көшеге жаңа атаулар берілген еді.

62 көшеге жаңа атау берілді

Естеріңізге сала кетсек, былтыр жыл басында Өс­кемендегі идеологиялық тұр­ғыдан ескірген, кеңестік кө­семдер есімімен аталған Во­рошилов даңғылы Шәкәрім, Ордженикидзе көшесі Са­ға­дат Нұрмағамбетов, Ре­волю­ционная Қалихан Ыс­қақ, Дзержинский Әміре Қа­шаубаев, Октябрьская Мұ­хамеджан Тынышпаев, Питер коммунарлары Лев Тол­стой, Киров Антон Че­хов, Крупская Евгений Бру­си­ловский, екі Советская кө­шесінің бірі Алек­сандр За­таевич, екіншісі Адольф Януш­кевич, Лениногор кө­шесі Теміржолшылар, Комсомол көшесі Жастар, Го­ловков көшесі Бейбітшілік, Айтықов көшесі Асар атауларын иеленген-ді. Ал Семейдегі Крупская көшесі Әзілхан Нұршайықов, Строительная көшесі Тұрсынғазы Рахимов, Комсомольская көшесі Жі­бек жолы, Кутузов көшесі Ардагерлер, Колхозная көшесі Берел, Социалистическая кө­шесі Самал, Декабристов кө­шесі Нұрсая деген атаулар алған-ды.

Биыл да бұл тарапта аудан­дардың белсенділігі байқалады. Жақында бізге Көкпекті аудандық «Жұлдыз» газетінің бас редакторы, аудан­­­­дық ономастикалық ко­мис­сияның мүшесі Дархан Бердібек хабарласып, Көк­пектіде 62 көше атауының өз­­гергенін, мұның облыстық ономастикалық комиссия оты­рысында мақұлданғанын сүйіншілей жеткізді. Оның айтуынша, аудан орталығы – Көкпекті ауылындағы көше­лерге Тәуелсіздік, Ұлы дала елі, Ыбырай Алтынсарин, Отыншы Әлжанов, Хамит Тоқтамысов, Кегенбай би, Қалихан Алтынбаев, Бармақ батыр секілді жаңа атаулар беріліпті. Ал Үлкенбөкен ауы­лындағы 9 көше Қабанбай батыр, Төле би, Қазыбек би, Кенесары, Әлихан Бөкейхан, Шоқан Уәлиханов, Қасым Қайсенов сынды қазақтың бір­туар тұлғаларының есім­дерін алып­ты. Сонымен қа­тар Са­мар, Құлынжон, Көк­жыра, Ба­тауыш, Көкжота, Ма­риногорка, Аққала, Сары­бел, Новостройка, Миро­лю­­бовка, Преображенка ауыл­­дарындағы көшелер Абай, Шәкәрім, Ыбы­рай Ал­тынсарин, Мұхтар Әуе­­зов, Қаныш Сәтбаев, Ба­уыржан Момышұлы, Әлия Мол­дағұлова, Жұбандық Бол­ғанбаев, Тәуелсіздік, Жас­тар, Бейбітшілік, Достық, Ер­тіс, Қызылшілік, Тассуат, Алтай, Топқайың сияқты атау­ларға ие болыпты. Ерекше атап өтерлігі, Көкпекті ауданы бо­йынша биыл 175 жылдық мерейтойы аталып өтіп жат­қан Абай Құнанбайұлы құр­метіне 5 көше атауы бе­ріліпті. «Тәуелсіздіктің алғаш­қы жыл­­дары Көкпектіде жер-су атауларының тарихи атау­ларын қайтаруға есімі ел­ге белгілі айтыскер ақын Қа­лихан Алтынбаев көп еңбек етті. Сол кездері Воздвиженка Үкі­лі қыз, Ивановка Көк­жа­йық, Романовка Ажа деген қазақы, төл атауларға ие бол­ды. Қайраткер ағамыз бас­таған үлкен жұмыс біраз жыл бәсеңдеп қалған еді, қа­зір қайта жанданып жатқан жайы бар. Қазір ауданымызда мектеп атауларын ауыстыру бойынша тиісті жұмыстар жүр­гізіліп жатыр», дейді Д.Бер­дібек.

 

Шығыс Қазақстан облысы,

Көкпекті ауданы