Теннис • 24 Қаңтар, 2020

Екі теннисшіміз келесі айналымға өтті

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мельбурнде өтіп жатқан Аустра­лияның ашық біріншілігінде өнер көрсетіп жатқан Зарина Диас пен Юлия Путинцева жарыстың үшінші кезеңіне жолдама алды.

Екі теннисшіміз келесі айналымға өтті

Алғашқы кезеңде әлемнің 24-ракеткасы Аманда Анисимовадан (АҚШ) үш сетте басым түскен Диас екінші кезеңде ресейлік Анна Блинковадан айласын асырды. 2 сағатқа созылған бұл сайыста 4:6, 6:3, 6:4 есебі тіркелді. Отандасымыз ресейлік теннисшімен бір айда екінші рет кездесіп отыр. Екі теннисші жыл басында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен турнирдің ширек финалында кездесіп, матч З.Диастың жеңісімен аяқталған-ды. Енді қандасымыз біріншіліктің үшінші кезеңінде әлемнің 10-ракеткасы саналатын Нидерланд өкілі Кики Бертенспен кездеседі.

Ал Юлия Путинцева екінші айналымда америкалық Даниэль Роуз Коллинспен сынға түсіп, үш сетке созылған бәсекеде 6:4, 2:6, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Australian Open турнирінің үшінші кезеңінде Путинцева әлемнің үшінші ракеткасы румыниялық  Симона Халеппен бақ сынайды.

Сондай-ақ бүгін Елена Рыбакина да әлемнің бірінші ракеткасы аустралиялық Эшли Бартимен күш сынасады. 23 жастағы аустралиялық теннисші былтыр «Ролан Гаррос» бәсекесінде топ жарған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар

Астанада үш қабатты ғимараттан өрт шықты

Төтенше жағдай • Бүгін, 11:00