Өкінішке қарай, бұл көлік иелері де жол ережесін белден басып, айыппұл төлеуден жалтарып келген екен. Жолдағы оқиғаларға да себепші болғандары жоқ емес. Өткен жылы шетелдік нөмірілі 37 көлік апатқа ұшырапты.
Облыс полицейлерінің дерегінше, аймақ жолдарында болған осы апаттардың кесірінен 80 жолаушы жаралынып, 18 адам қайтыс болған. Тәртіп сақшылары шетелде тіркелген көлік иелерінің арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мәселен, қаңтар айы бойы жүргізілген «Жолдағы қабылдау» акциясы аясында бұл жұмысқа тыңғылықты көңіл бөлінген.