«Шағын және орта бизнес өнімдерін шығару 9%-ға ұлғайды. Экономикадағы ШОБ үлесі 29,5%-ға жетті (2018 жылы-28,4%). Бұл ретте жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 8% -ға өскен. Бәсекелестікті жүйелі дамыту шеңберінде рыноктарды монополиясыздандыру және әкімшілік кедергілерді алып тастау бойынша жұмыс жүргізілуде», - деді Асқар Мамин.
Сондай-ақ биылғы жылдың 1 қаңтарына жекешелендірудің кешенді жоспары 93% -ға орындалған.
«Сонымен қатар 545 млрд теңге сомаға 504 нысан іске асырылды, 295 нысан қайта құруға және жоюға бағытталды. «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру және Өңірлерді дамыту 13 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салуға, 4400 км астам құрылыс пен қайта жаңартуды қамтуға және 640 км астам республикалық жолдарды пайдалануға беруге мүмкіндік берді. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 53 ауылда 452 жоба іске асырылды», - деді Премьер-Министр.