Пойыз вагондарында 683 жолаушы болған, олардың арасында зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі таңда оқиға болған жерде қалпына келтіру жұмыстары ұйымдастырылған. Учаске бойында пойыздар тоқтаусыз жүріп жатыр.
Мамандар пойыз вагондарының рельстен шығып кетуіне күрделі метеорологиялық жағдай, яғни жол табанын басып қалған омбы қар және тәулік бойы тоқтамай соққан боран себепші болды деген болжам айтады.
Қазіргі уақытта «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның арнайы құрылған комиссиясы оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізуде.