Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (World Health Organization) келесі қарапайым кеңестерді ұстануға шақырады:
- Ең алдымен, қолды сабынмен немесе спирт қосылған арнайы сұйықтықпен жиі тазартып тұрған жөн;
- Кез келген адам қоғамдық орында түшкіргенде немесе жөтелгенде аузы-мұрнын қолмен немесе орамалмен жабуы керек. Орамалды бірден қоқысқа тастап, қолды жууға кеңес береді;
- Суық тиген, ыстығы бар және жөтеліп жүрген адаммен жақын қарым-қатынас жасамауға тырысу керек;
- Денеңіз қызып, жөтел тиіп, дем алу қиын болған жағдайда бірден медициналық көмекке жүгініңіз. Дәрігерге қайда саяхаттағаныңыз туралы айтуды ұмытпаңыз;
- Коронавирус таралған аймақтарда адам көп жиналған базарларға барған кезде жануарларды ұстамауға тырысыңыз;
- Сондай-ақ, шикі немесе толық піспеген мал өнімдерін қолданудан бас тартқан жөн;
- Шикі ет, сүт өнімдері мен мал ағзасын тазартқан кезде аса абай болу керек.
Бұл қарапайым кеңестерді ұстана отырып, өзіңіз бен айналаңыздағы адамдарды індеттен қорғай аласыз.