Құтқарылғандардың арасында екі бала бар. Сонымен қатар жолда омбы қарға батып қалған 28 автокөлікке де көмек көрсетілген.
Құтқару жұмыстары Қарағанды, Теміртау қалаларында және Бұқар жырау, Абай, Осакаров, Ұлытау аудандары бойынша жүргізілді.
Облыс орталығында коммуналдық қызметтер күшейтілген режімде жұмыс істеп жатыр. Оның жұмысын бақылауды қалалық әкімдік жанындағы штаб жүзеге асырады.
Ауа райының күрт бұзылуы салдарынан медициналық қызметтердің жұмысы ауырлады. Көп жағдайда жедел жәрдемнің көлігі діттеген жеріне жете алмай, құтқарушылар оларға көмекке келген. Мысалы, Қарағанды қаласында 7 адамды құтқарушылар жедел жәрдем көлігіне дейін жеткізіп салған.