Поэзия кешінің шымылдығын Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Шарафиева Ғалия Аликенқызы бастап, ізгі тілегін жеткізді.
Кеште Қасымхан Бегмановтың сөзіне жазылған әндер шырқалып, Ұлы Абайдың өлеңдері оқылып, нағыз поэзиялық кешке ұласты. Ақынды қолдап-қуаттап келген ақын-жазушылар, өлең сүйер қауым жырдан сусындап қайтты.
Кеш кейіпкері Қасымхан Бегманов мәртебелі мінбеген көтеріліп, толқыныспен қуанышын жеткізді. Әлі сиясы кеппеген, жүректен шыққан өлеңін оқып, көпшіліктің қошеметіне бөленді.