Экология • 25 Қаңтар, 2020

Електің соры – алты валентті хром

87 рет көрсетілді

Ақтөбе қаласының тұсынан шымырқана ағып жататын Елек өзенінің әдемі сұлу келбетіне, оның жағасындағы жапырақтары самал желмен сыбдыр қағып тұратын зәулім бәйтеректеріне енжар, селсоқ қарайтындар кемде кем. Суының тұнықтығы мен мөлдірлігі сондай, өзенде ойнақтап, айқұш-ұйқыш жүзіп жүрген майшабақтарға дейін айқын көрінеді. Әйтсе де бұл тек сыртқы алдамшы көрініс екенін екінін бірі біле бермейді. Шынтуайтына келгенде оның бүгінгі экологиялық жағдайы өте ауыр болып отыр.

Мәселені бұлайша төндіре айтуымыздың себебі Елек өзенінің алты валентті хроммен ластанған. Бұл үдерістің басталғанына алпыс жылдан асып кеткенін ескерсек, төбе шашың тік тұрады. Атап айтқанда сонау 1957 жылы Ақтөбе хром қосындылары зауыты (АХҚЗ) ашылған кезде Електің бағы тая бастады деуге әбден болады. Өйткені дәл сол кезден АХҚЗ-ның өндірістік қалдықтарынан бөлінетін технологиялық ерітінділер Елекке төгіліп, соның салдарынан жерасты сулары ластана бастапты. Бұған қоқым тоғандарындағы ағынды сулар да қосылған. Сол жылдарда тоғанның сүзгілеу қабатының жоқтығы жағдайды одан әрі шиеленістіре түскен сыңайлы.

Ал осы тамаша табиғат сыйының бүгінгі жай-күйі қандай деген мәселеге келсек, өзгеріп кеткен ештеңе шамалы, дана Абайдың өзінің сөзімен айтқанда «баяғы жартас –бір жартас» күйінде алып келе жатқанына бәс тіге аламыз. Бұл арада өзен суының басты ластаушысы сол баяғы АХҚЗ екенін ескерсек, бұларда табиғатты қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары болуы керектігі басы ашық мәселе. Әйтеуір зауытта мұндай құжат бар болып шықты. Бұған да шүкір. Соған сәйкес олар әр жыл сайын өзен суын тазалауға қаражат бөліп, тиісті жұмыстар атқарып жүргенге ұқсайды.

Соның ішінде алты валентті хроммен ластанған жерасты суларын оқшаулау бекетінің құрылуы көңілге аз да болса сенім ұялатады. Осы бекеттің көмегі арқылы 2017 жылы өзендегі зиянды заттарды шығару жұмыстары қолға алынған. Сөйтіп бұл кезде 20 тонна алты валентті хром оқшауланған. Ал келесі жылы 233 мың ластанған жерасты сулары мен 19,37 тонна алты валентті хром тазартылған. Бір қарағанда аталған сандар мен деректер тым қомақты сияқты көрінгенімен, атқарылған жұмыстар алдын-ала белгіленген 50 мың тонна көлеміндегі жоспардың тең жартысына да жетпей қалғанын аңғару қиын емес. оның үстіне жоғарыда көрсетілгендей АХҚЗ жыл сайын өзенді зиянды заттардан тазалау мөлшерін көтерудің орнына керісінше кемітіп жіберген. Әрине , атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Елек өзеніндегі ластану ошағының көлемі азайғанын жоққа шығғара алмаймыз. Дегенмен бұл жұмыстар теңіздің бір тамшысындай ғана ескерсек, оны қанағат тұтудың өзі қиынға соқпақ.

ҚР экологиялық Кодексінің 145 бабының 2-тамағына сәйкес қоршаған ортаның жәй-күйіне ұдайы мониторингтік зерттеулер жүргізіп отыру тәртібі қарастырылған. Аталған қызмет мемлекеттік монополияға жатады. Оны республика үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК, яғни ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің басты үйлестірушісі –қазгидромет жүзеге асырады. Осы тәсіл бойынша Елек өзеніне де әр ай сайын бақлау жұмыстары жүргізіліп жүр. Осы орайда оқырмандарды казгидрометте жинақталған мәлімет-деректермен таныстара кеткеннің артықшылығы жоқ секілді.

Бұған сүйенсек, Елек өзенінің хроммен жоғары деңгейде ластану дерегі 2015 жылдың ақпан айында тіркелген. Бұл кезде оның мөлшері рұқсат етілген шекті шоғырланудан 10 есе асып түсіпті. Сонымен бірге осы бақылауларға сәйкес 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап Елек өзенінде алты валентті хром консентрациясының тағы да өсу көрінісі тіркелгені алаңдатпай қоймайды. Бұл арада көңілге медеу тұтатын бір-ақ нәрсе бар дей аламыз. Әйтеуір сол уақыттан бері Елек өзеніне сарқынды суларды заңсыз ағызу деректері тіркелмепті. Мұның өзі қосымша ластану ошағы пайда бола қойған жоқ деген ұғыммен пара пар.

-Елек өзенінде алты валенттік хром мөлшері бірде азайып, бірде ұлғайып кетуі үдерісін табиғаттағы әр түрлі өзгерістермен байланыстыра қарауға болады. Оның қатігездігі мен қытымырлығы, ылғал мен жауын-шашынның аз түсуі жаз кездерінде жерүсті суларының тартылуы зиянды заттардың бой көтеруінің басты себепшісі. Соңғы бір-екі жылдың аралығындағы құрғақшылық осы теріс көріністің бой көтеруіне әкеліп отыр деді газет тілшісіне Ақтөбе облысы бойынша экология департаментінің басшысы Жақсығали Иманқұлов.

Бұдан соң экология департаменті тарапынан да Елек өзеніне әр ай сайын  бақылау жүргізілетінін айтып берді. Өз кезегінде бұл бақылаулардың қорытындысы бойынша жинақталған деректер мен өзге де атқарылған іс-шаралар ҚР-ның Экология, геология және табиғи ресурстары министрлігіне жолданады екен. Қысқасы өңірдегі атқарушы органдары мен аталған экология департаменті өз құзіреттері мен мүмкіндіктері шеңберінде Елек өзенін құтқару жөнінде біраз істі атқарып келгені әрине құптауға тұрарлық жәйт. Соған қарамастан Елек өзенін алты валентті хромнан тазарту жөніндегі проблема толық шешімін тапты деп айтуға ауыз бара бермейді.

Соның ішінде Елек өзенінен су алуды тоқтатужәне су қорының мөлшерін белгілеу жөніндегі мәселе күрделі күйінде қалып отыр. Осы арада тағы бір айта кетерлік жәйт өзеннің хроммен бүлінуіне Ақтөбе ферроқорытпа зауыты да сүбелі үлес қосып отырғанын айтпай кете алмас едік. Ендеше осы қуатты кәсіпорын АХҚЗ-ның тәжірибесі негізінде ластанған жерасты суларын тартып шығарып, содан кейін оны тазартып өндірістік қажеттіліктерге жаратса, оң, әділетті болар еді демекпіз. Мұндай сипаттағы жұмыстар соңғы рет бұдан сегіз жыл бұрын, яғни 2012 жылы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі тарапынан жүргізіліпті. Мұның алдында белгіленген тәртіпке сәйкес, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізілген. Аталған жобаға сәйкес жұмыстарды осы конкурста ұтып шыққан «Геотерм» өндірістік кооперативі ЖШС атқарған. Соның нәтижесінде жерасту суларында хром мөлшері белгілі бір деңгейде азайған. Әйтсе де арада екі жыл өткен соң Елек өзенің тазалау жұмыстары пышақ кескендей тыйылып тоқтап қалғаны өкінішті-ақ.

Сонымен бірге бүгінгі материалымызда Електі бүлдіріп, ластап жүрген алты валентті хромның зияны жөнінде біраз көсіліп, жазған секілдіміз. Нақты айтқанда оның қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері қандай? Интернет көздерінде жинақталған деректерге сүйенсек –бұл улы, уытты әрі концерегенді элемент болып табылады екен. Соның ішінде мұнда алты валентті хром әр түрлі созылмалы дерттердің күшеюіне, тамақ-мұрын қуыстарының бітелуіне, аллергиялық аурулардың асқынуына, әрі ең бір қауіптісі адам ағзасының бойында өкпе рагы таяқшаларының пайда болуына әсерін тигізеді деп тұжырымдалған интернетте.

Бүгінгі көтеріліп отырған ахуалдың алаңдатарлық тұстары да дәл осы арадан айқын көріне алады. Елек Жайыққа құятынын ескерсек, бұл мәселеден Жайықтың бойын жайлаған қалың ел де айналып өте алмайтыны айдан анық. Мемлекетіміздің басты байлығы адамдар, ұлттың денсаулығы екені белгілі. Осы тұрғыдан келгенде Елек өзенінде қалыптасып отырған бүгінгі күрделі экологиялық проблема жалпы халықтық сипат ала алатыны да ешқандай талас туғызбайды. Ендеше алдағы уақытта елек өзенінің алты валентті хромнан тазаруына республикалық деңгейде мән берілсе, мәселенің мәнісі оң жаққа қарай бұрылатыны күмәнсіз демекпіз.

Соңғы жаңалықтар

Бағаны бұзатын – делдал

Аймақтар • Бүгін, 07:42

Қан тапсыру – сауапты іс

Қоғам • Бүгін, 07:37

Абайды іздеген қыз

Абай • Бүгін, 07:29

Аптаның үздігі атанды

Хоккей • Бүгін, 07:20

74 жастағы кәсіпқой футболшы

Футбол • Бүгін, 07:19

Неге оң жақта отырып қалады?

Руханият • Бүгін, 07:13

Екібастұздың криптовалютасы

Технология • Бүгін, 07:01

Қоғамына сай адамы

Қоғам • Бүгін, 06:59

Бурабайдың күзгі кештері

Аймақтар • Бүгін, 06:58

Сақтансақ, сау боламыз

Аймақтар • Бүгін, 06:47

Чемпионат қыза түсті

Футбол • Бүгін, 06:47

Жан жылуымен жадыратып...

Аймақтар • Бүгін, 06:46

Қор жеткілікті

Аймақтар • Бүгін, 06:41

Үлескерлер үйлі болып жатыр

Елорда • Бүгін, 06:40

Білім – жарық, ғылым – күш

Білім • Бүгін, 06:37

Жол салып беруді сұрайды

Қоғам • Бүгін, 06:33

Ел мүддесі – ерге сын

Оқиға • Бүгін, 06:25

Аңызға айналған Ақбидай

Таным • Бүгін, 06:17

Сол бір сәттер (Естелік)

Әдебиет • Бүгін, 06:15

Зере әже

Абай • Бүгін, 06:13

Абай – қазақтың айнасы

Абай • Бүгін, 06:11

Жаһанды жасыл желек құтқарады

Экология • Бүгін, 06:08

Жаһанда жаңғырған Түркістан

Аймақтар • Бүгін, 06:00

Ұқсас жаңалықтар