Президент • 27 Қаңтар, 2020

Жаңа экономикалық бағыт қажет

720 рет
көрсетілді
40 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында өткен жылдың нәтижелері сараланып, осы жылдың міндеттері нақтыланды. Алқалы жиынға Премьер-Министр Асқар Мамин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов, Үкімет мүшелері, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері, орталық мемлекеттік органдардың және ұлттық компаниялардың басшылары қатысты.

Жаңа экономикалық бағыт қажет

Реформаларды тізеге басып отырып жасау қажет

Үкіметтің кезекті кеңейтілген отырысының күн тәртібінде алдымен өткен жылдың әлеу­меттік-экономикалық даму көр­сет­кіштері қаралды. Жиында сөз бастаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз былтыр жақсы нәтижелерге қол жеткізгенін, экономикалық өсім 4,5%-ды құрағанын алға тартты.

– Жалпы, елдегі макроэко­но­­м­и­­­калық ахуал тұрақты. Біз әлем­­дік даму қарқынынан қалыс­пай, экономикамыз­ды өркен­де­тіп келеміз. Үкі­мет жоспарлан­ған мак­ро­көр­сет­кіштердің бәрі­н­е қол жет­кіз­ді. Бірқатар маңыз­ды бағ­­дар­лама қабылданды. Соның ішінде – Мемлекеттік индуст­рия­лық-инновациялық да­му бағдарламасы, «Бизнестің жол картасы-2025», Өңірлерді дамыту бағдарламасы, Денсау­лық сақтау саласын дамыту бағдарламасы және тағы бас­қалары. Сайлау алдындағы бағ­дарламаны және халыққа Жол­дауымды жүзеге асыру үшін Үкімет пен Парламент үйлесімді жұмыс атқарып жатыр. Бұл – жақсы. Бюджет саласы қыз­меткерлерінің жалақысын арт­тыруға, Атаулы әлеумет­тік көмектің жаңа тетіктерін ен­­гізуге бағытталған бірқатар заңна­ма­лық акті қолданысқа енді. «Пе­дагог мәртебесі туралы» Заң қабылданды. Экономиканы да­мыту және бизнеске қол­дау көр­сету мақсатымен түрлі тек­се­ріс­тер жүргізуге мораторий енгі­зілді. Шағын және микро бизнес салықтан босатылды. Шағын және орта бизнестен түсетін кор­поративті табыс салығын өңір­лерге беру үшін құқықтық негіз қа­лы­птас­тырдық, – деді Прези­дент.

Мемлекет басшысының пікі­рін­ше, Үкімет Президенттің тап­сыр­маларын орындауды қам­тамасыз еткенімен, экономи­калық дамудың сапасына қатыс­ты әлі де шешілмеген мәселелер бар.

– 2019 жылдың 11 айында ішкі жалпы өнімдегі несие портфелінің көлемі 23 пайыздан 22 пайызға төмендеп кетті. Бұл экономиканы несиелендіруді те­жейді. Өткен жылы біз Еура­зиялық экономикалық одақ шеңберінде инфляция деңгейі бойынша «чемпион» болдық. Еңбек өнімділігінің айтарлықтай артпауы – үлкен мәселе. Бұл – проблема. Шикізат экспортының үлесі жай өсуде, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Тұң­ғыш Президент Нұрсұлтан Назар­баевтың ел алдына қойған мақсаты мен мін­деттері өзгермейтінін, «Қазақ­стан-2050» стратегиясын, елі­міздің 2025 жылға дейінгі Стра­тегиялық даму жоспарын, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бағ­дарламаларын жүзеге асыру жалғаса беретінін айтты. Бұған қоса ол Үкімет экономиканы түбе­гейлі реформалайтын жан-жақты бағдарлама дайындауы керек деген ұстанымын да байқатты.

– Бізге негізгі проблемаларды нақты пайымдайтын және оның шешу жолдарын қарастыратын жаңа экономикалық бағыт қа­жет. Реформа жасау үшін ерік пен жігер керек екені белгілі. Мен Үкі­метті осыған шақырамын. Әзір­ге мемлекеттік аппарат көп­те­ген нормативтік актіге алаң­дап, ведомствоаралық келісім керек деген сылтаумен маңызды ше­шім­дерді баяу қабылдап жатыр. Халық­аралық бәсекелестік ар­тып, халық әділетті талап қо­йып отырған қазіргідей кезеңде бұ­лай жұмыс істеуге болмайды. Ре­фор­маларды тізеге басып отырып жасау керек, – деп мәлімдеді Президент.

Мемлекет басшысы кәсіп­керлерді қорғайтын және дамытатын, өткізу нарығына жол ашатын, өнімділікті ұлғайтып, қазақстандық өнімдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыратын тиімді өнеркәсіп саясатын, сонымен қатар ашық әрі прагматикалық салықтық-бюджеттік саясат қалыптастыру керектігіне назар аударды.

Оның айтуынша, жарияланған рефор­ма­лардың іске асырылуын бақылау жағы да ақсап тұр. Үкімет реформаларды әзір­лейді, орындайды және оның сапасын да өз­дері бағалайды. Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі жанынан Әлеу­меттік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығын құруды тапсырды. Бюджет­тік шығынсыз құрылатын бұл орта­лық дамуы­на қарай алдағы уақытта агенттік болуы да мүмкін.

Қазақстан Президенті фискальды саясат та жаңғыртуды қажет етеді деп санайды. Оның негізгі міндеті – бюд­жетке қаржының тұрақты түсуін қам­тамасыз ету, ұлттық кірісті әділетті бөлу, экономикалық өсімнің сапасы мен құрылымын жақсарту. Микро және шағын бизнесті салықтан босату оның дамуына тың серпін беретінін көр­сетті. Бірақ жаппай салықтан босату айтар­лықтай теріс әсер беруі мүмкін.

– Еркін экономикалық аймақ бойынша ғана шартты шығынымыз 2 трил­лион теңгеге жуық. 13 еркін экономикалық ай­мақтың құрылымына бюджеттен қосымша 340 миллиард теңге бөлінді. Осы аралықта еркін экономикалық аймақтан 170 мил­лиард теңге ғана салық жиналды. Бар-жоғы 18 мың тұрақты жұмыс орны ашыл­­ды. Еркін экономикалық аймақтың бар­­лығында сапалы толықтыру пробле­ма­сы бар, яғни басқарылуы дұрыс емес. Үкі­метке ұсынылатын салықтық пре­фе­рен­­циялардың барлық спектрінің тиім­ділігі мен мақсаттылығына талдау жасауды тапсырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ысырапшылдыққа жол бермеу керек

Президенттің тапсырмасы бойынша имидждік шараларға бөлінетін қаржы қысқартылды. Осының арқасында 30 миллиард теңге оңтайландырылды. Дәл осындай тиімсіз шығындарды анықтау шаралары квазимемлекеттік секторда да жүргізіледі.

– Үкіметке осы жылдың 1 мамырына дейін жұмыс нәтижелерін баяндауды тапсырамын. Маңыздылығына сәйкес кейінге қалдыруға болатын шығын­дар­ды анықтауы қажет. Соның баста­масы ретінде қымбат көліктер мен жиһаздарды сатып алуға, түрлі форумдар, семинарлар мен конференциялар өт­кізуге ұзақмерзімді мораторий жария­лауды ұсынамын. Елімізде өтетін шаралар практикалық және идеологиялық тұрғыдан нақты пайдалы болуы тиіс. Ысырапшылдыққа жол бермеу керек. Шығыстар орынды болуы қажет. Бөлінген қаражат елдің мүддесіне қызмет еткені жөн, – деді Мемлекет басшысы.

Президент ішкі нарықтың қауіп­сіз­дігін қам­тамасыз ету үшін Үкі­мет­ке 2025 жылға де­йінгі Сауда сая­саты­ның бағдарламасын әзір­леу­ді, Серти­фикаттаудың ұлттық жү­йе­­сін дамытуды, Ұлттық стандарттар­ға се­­нім­­­ді арттыруды, сондай-ақ «Техника­лық рет­теу туралы» заң қабылдауды тапсырды.

Мемлекет басшысының пікірінше, жоба­ларды еселеп қымбаттату үрдісі жал­ғасуда, құрылыс құнының сметасын жасау­да проблема бар.

– Мемлекеттік органдардағы сатып алулардың 49 пайызына дейін және ква­зи­мемлекеттік сектордағы сатып алу­лардың 70-тен 90 пайызына дейін бір көз­ден жүзеге асырылады. Сатып алу бары­сында ерекше жағдай деп белгі­леп, оны ең төменгі шекке дейін жеткі­зіп, бәсе­кенің болмауына негізделген тәсіл­дер­ді қысқарту керек. Мысалы, 8 өңірде жет­кіл­ікті түрде жеке тасымалдаушылары бар му­ни­ципалды автопарктер құрылған. Үкімет қалалық жолаушылар тасымалы сала­сында тәртіп орнатуға міндетті. Бұл – маңыз­ды әлеуметтік мәселе. Орындауға екі ай уақыт беремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің агроөндіріс кешеніндегі ахуалға да көңілі толмады. Соңғы 5 жылда аталған салаға 2,4 триллион теңгеден астам қаржы бөлінгеніне қарамастан, ішкі жалпы өнімдегі ауыл шаруашылығының үлесі 4,5 пайыздан аспайды. Қасым-Жо­март Тоқаев еліміздің экспорт әлеуетін көтере алмағанымызды, сондықтан азық-түлікпен толық қамтамасыз ету мәселесі шешілмей отырғанын атап өтті. Оның пікірінше, министрлік елімізде шикізат өңдеу үшін барлық жағдайды жасауы тиіс. Қайта өңдеу ісі мен экспорт тиімді болуы қажет.

– Бізде Агроөндіріс кешенін дамыту­дың бесжылдық бағдарламасы бар. Онда аталған саланың мақсаты мен міндеті, нақты өндірістік және экономикалық көр­сеткіштері жазылған. Демек Үкіметтің жоспарлары мен негізгі басымдықтары айқын. Сонымен қатар қолдау шаралары, яғни субсидия беру тәсілі жыл са­йын өзгереді. Соңғы 5 жыл ішінде бөлін­ген қаржы 2 триллион теңгеге жетті. Бұл ретте субсидиялар 47 рет өзгер­ді. Үкі­метке мемлекеттік қолдау шаралары­ның тұрақтылығын, олардың тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуді тапсырған болатынмын. Бұл тапсырма әзірге орындалмады. Нақты шешімдер мен ұсыныстар күтемін, – деді Мемлекет басшысы.

2019 жылы әлеуметтік қолдау мақса­тын­дағы шығын 3,5 триллион теңге болды. Бұл жалпы бюджеттің 30 пайызы. Әлеу­меттік қорғау шаралары шамамен 4 мил­лион адамды қамтыды. «Бақытты отбасы» және «7-20-25» бағдарламалары бойынша 20 мыңға жуық қазақстандық отбасы займ алды. Президенттің пікірінше, алдағы уақытта тұрғын үй салу мәселесі Үкімет жұмысының басым бағыты болуы тиіс.

1

– Үкімет азаматтарды кәсіпкерлікке баулу үшін «Бастау» жобасын жүзеге асыруды жалғастыруы тиіс. Үш жылдың ішінде 90 мыңға жуық адам бизнес-жобасын ұсынды. Бірақ соның үштен біріне ғана қаржы бөлінген. Осы бағдарламаны уақтылы әрі толық қаржыландыруды қамтамасыз ету қажет. Еңбек заңнамасын сақтау, Қазақстан және шетел жұмыс­шыларының жалақысына және еңбек жағдайына қатысты теңсіздікке жол бер­меу мәселесін де бақылауда ұстау керек. Биыл бірінші қаңтардан бастап атау­лы әлеуметтік көмектің жаңа форма­ты енгізілді. Олқылықтар жойылды, негізгі мақ­сат балаларға жүйелі қолдау көрсету бо­лып отыр. Бірақ әлі күнге дейін нақты ұста­ным жоқ. Жағдайдың ыңғайына қа­ра­й жүріп келе жатырмыз. Үкімет әлеу­меттік саладағы заңнаманың жоқ-жітігін түгендеуі, яғни инвентаризация жүргізуі керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент зейнетақы аударымындағы қаржының бір бөлігін тұрғын үй алуға және басқа да қажеттіліктерге пайдалану жайына тоқталып, бұл маңызды мә­се­лені шешудің алғашқы қадамы жа­сал­ғанын айтты. Мұндағы мақсат – бар­лық жиналған қаражатты қазір бөліп беріп, адамдарды қартайғанда лайықты зейнет­ақы­сыз қалдырмау. Еңбеккерлердің жұ­мыс берушілерден зейнетақы жарналарын төлеуін талап етуі үшін ынталандыру тетіктерін ойластырып, еңбекақы төлеуде ашықтық қалыптастыру қажет. Үкімет пен Ұлттық банк бұл реформаны жүзеге асыруды бастайды. Осындай мүмкіндік берілетін азаматтардың қатарын біртіндеп көбейте беру керек.

– Білім беру және денсаулық сақтау саласын дамыту – өте маңызды мәсе­ле. 2019 жылы білім беру саласында маңызды құжаттар қабылданды. Бұл – «Педагог мәр­тебесі туралы» заң және Білім мен ғылым­ды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдар­ламасы. Біз мұ­ға­лімдердің жалақысын 25 пайызға көбейттік. Министрлік білім беру бағдар­ламаларын жаңартумен, сондай-ақ жо­ғары оқу орындарының академиялық дербестігін арттырумен айналысуда. Бизнеспен және жұртшылықпен диалог орнатылды. Енді Білім және ғылым министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар осы бастамаларды сапалы жүзеге асыруы тиіс. Қазіргі таңда елімізде білікті ұстаздардың тапшылығы айқын сезіліп отыр. Мамандардың жасы ұлғайған са­йын олардың орнын басатын лайықты мұ­ға­лімдер жетіспей жатыр. 338 мың мұ­ға­лімнің 27 пайызы – зейнет жасына жа­қын­даған және жеткен азаматтар. Мұға­лімдерді даярлайтын жоғары оқу орындарына көбінесе үлгерімі нашар түлектер барады. Олардан кәсіби деңгейі төмен маман шығатыны осыдан. Мемлекет тарапынан тиісті өкілеттік берілді, қажет­ті ресурстар бар. Сондықтан қалыптас­­қан жағ­­дайды түбегейлі өзгертуіміз керек. Бізге жаңа талаптарға сай мұғалімдер даяр­­­лайтын жоғары оқу орындары қажет. Дип­­лом сатып, жоғары білімнің беделін түсі­­ретін жекеменшік оқу орындарынан бір­жола құтылу керек. Бұл мәселені осы жылы ше­шуіміз қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, жылдан-жылға ғылымға бөлінетін қаржы көле­мі ар­тып келеді. Биыл бұл салаға бөліне­тін қа­ра­жат 1,5 есеге өсті. Ғылымды қаржы­лан­­­дыру ісі тиімді болуы керек әрі оның эко­­­но­­микалық қайтарымы болуы тиіс. Өн­­ді­рі­с­тің сұраныстарына толық жа­уап б­ере­тін ғылыми жұмыс кластерлерін құру қажет.

Сондай-ақ балалардың құқығын қор­ғау – министрлікке жүктелген аса ма­ңызды міндеттің бірі. Соңғы жылдары балалар мен жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары көбейіп барады. Балаларға зорлық-зомбылық көрсету жағдайлары да азаймай тұр. Үкіметтік емес ұйымдармен және сарапшылармен бірлесіп, мұндай теріс үрдістің алдын алу үшін шаралар қабылдау керек. Осы мәселеге қатысты шетелдердің озық тә­жірибесін қолдануға болады.

Мемлекет басшысы Үкіметті әлеумет­тік және экономикалық қатерлерге жол бер­меу үшін өз бастамаларын мұқият әзір­леуге шақырды. Оның айтуынша, мемлекеттік органдардың шешімдері аза­маттар тарапынан жиі сыналады, кей жағдайларда, тіпті халықтың ашу-ызасын тудырады. Бүгінде Қазақстанға Еура­зиялық экономикалық одаққа мүше елдерден әкелінген автомобильдерге қатысты проблема қоғам назарын аударды.

– Елімізге әкелінген мұндай автомо­биль­дердің көпшілігі тіркеуге қойылмай­ды. Ондай көліктер саны – ондаған мың. Бас прокуратураға қалыптасқан жағ­дайға байланысты құқықтық баға беруді тап­сырамын. Аталған мәселені шешу үшін Үкімет Қазақстанға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әке­лінген автомобильдерді бір айдың ішін­де бір реттік тәртіппен уақытша тір­кеуді қамтамасыз етуі қажет. Бұл авто­көліктерді тіркеу 2021 жылдың 1 наурызына дейін жалғасады. Бұл ретте азаматтар тіркеу алымдары мен мемлекеттік баж салы­ғын төлеуі тиіс. Уақытша тіркеу авто­мо­биль­дердің меншік құқығынан шыға­рыл­­май, басқа тұлғаның пайдалануына немесе басқаруына берілмей жүзеге асырылуы тиіс. Автокөлік иелері 2021 жылдың 1 нау­рызына дейін кедендік баж салығын және автомобильді тұрақ­ты тіркеуге қою немесе елімізден шы­ғару, сондай-ақ заңнама жүзінде тыйым салынбаған басқа да іс-қимылдарды жүзеге асыру кезінде салынатын утилизация алымын төлеуі тиіс, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Үкіметке бұдан былай ел заңнамасын бұза отырып шетелден автокөліктердің әкелінуіне, пайдаланылуына шектеу қоюды тапсырды.

Негізгі басымдық – халықтың тұрмыс сапасын арттыру

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңей­тілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин еліміздің 2019 жылғы әлеу­меттік-экономикалық даму қорытын­ды­лары мен осы жылға арналған міндеттер туралы баяндады.

Үкімет басшысының айтуынша, 2019 жылы халықтың нақты табысы 5,5%-ға өсті, ІЖӨ өсімі 4,5%-ды құрады. Өсім­нің 85%-дан астамын шикізаттық емес салалар қамтамасыз етті. Негізгі драйверлер құ­рылыс – 12,9%, сауда – 7,6%, көлік – 5,1% және өнеркәсіп 3,8% болды. Өңдеу өнеркәсібінде өсім 4,4%-ды құрады, ол автомобиль жасау (63%), машиналар мен жабдықтар өндірісі (22%), фармацевтика (12%), жеңіл өнеркәсіп (14%) және сусындар өндірісі (10%) есебінен қамтамасыз етілген. Тау-кен өндіру өнеркәсібі металл кендерін өндіру көлемінің 16%-ға ұлғаюының нәтижесінде 3,7%-ға өсті.

Негізгі капиталға салынған инвес­тициялар 8,5%-ға, соның ішінде жеке инвес­тициялар 9,5%-ға өсті. Инфляция жос­парлы 4-6% шегінде, яғни 5,4% деңгейінде (2018 жылы – 5,3%).

Былтыр 2,7 млн азаматтың жалақысы көбейді, оның көбі бизнеске кең қолдау көрсету, ең төменгі жалақыны арттыру шаралары есебінен (42,5 мың теңгеге дейін 1,5 есе) өсті. Еңбек нарығында тұрақ­тылық сақталуда. Жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрады. 423 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылды, соның ішінде 279 мыңы – тұрақты.

Трансферттерді қоспағанда, мемле­кеттік бюджет кірістері 9 трлн 688 млрд теңгеге (жоспардың 101,2%) орындалды. Бұл – 2018 жылғы көрсеткіштен 1,5 трлн теңгеге артық. Сыртқы сауда айналымы 97 млрд долларға дейін өсті, соның ішінде экспорт – 60 млрд долларды, импорт 37 млрд долларды құрады.

«Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және өңір­лерді дамыту мемлекеттік бағдар­ла­ма­ларын іске асыру 13 млн-нан аса шар­шы метр тұрғын үй салуға, 4,4 мың ша­қы­рымнан аса республикалық жолды салуға және реконструкциялауға, 640 шақы­рым­нан аса жолды пайдалануға беруге мүм­кіндік берді. «Ауыл – ел бесігі» жобасы ая­сында 53 ауылда 452 жоба іске асырылды.

– 2019 жылы шамамен 25 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Экономикадағы ШОБ үлесі 29,5%-ға жетті. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 8%-ға өсті. Осы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бо­йынша Жекешелендірудің кешенді жос­пары 93%-ға орындалды. Инвестиция үшін жаһандық бәсекелестікті күшейту жағдайында Үкімет ел экономикасына инвестициялардың жаңа толқы­нын тартуға баса назар аударады. Біздің стра­тегиялық міндетіміз – негізгі капи­талға салынатын инвестициялардың көлемін жыл сайын орта есеппен 15%-ға арттыру және оның деңгейін 2025 жылға қарай ІЖӨ-нің 30%-на дейін жеткізу, – деді Асқар Мамин.

Премьер-Министр Үкімет жұмысы­ның негізгі басымдығы халықтың нақты табысы мен тұрмыс сапасын арттыру екенін атап өтті.

– 2020 жылы Үкімет 7 стратегиялық бағыт бойынша жұмысты жалғастырады, атап айтсақ: инвестицияларды тарту, өнім­ділігі жоғары жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды, экспортқа бағ­дар­­ланған индустрияландыруды, отын-энер­гетикалық және агроөнеркәсіптік кешендерді дамыту, экономиканы цифр­ландыруды арттыру. Инвестициялық қызметті жандандыру үшін Үкімет 44 трлн теңге сомасына 2 мыңнан астам жобадан тұратын пул құрды. Еңбек өнімділігін бір адамға 8,2 млн теңгеге дейін арттыру жоспар­лануда (2019 ж. – бір адамға 7,4 млн тг). 2020 жылы 15 млн шаршы метр тұрғын үй салынады. 150 мыңнан астам отбасы баспаналы болады. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жаңа стандарттарға сәйкес 190 ауыл­да сапалы инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша 800-ден аса жоба жүзеге асырылады. Үкіметтің 2020 жылға арналған жұмысының негізгі мақсаты – экономика өсімін 4,7-5% деңгейінде қамтамасыз ету, – деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министр 2020 жылы Үкімет­тің алдында 430 мың жаңа жұмыс орнын құру, негізгі капиталға инвестиция­лар көлемін ішкі жалпы өнімнің 20% дең­гейіне жеткізу; шикізаттық емес экспортты 18,6 млрд доллар (+$3 млрд) дейін жеткізу; халықтың нақты табысын 6% (+0,5 п.т.) арттыру, экономикадағы ШОБ үлесін 30%-ға дейін жеткізу міндеттері тұрғанын айтты.

Одан кейін мінберге Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев көтеріліп, баға­лар тұрақтылығын қамтамасыз ету, қаржы жүйесін дамыту және қаржы ұйымдарын реттеу бойынша 2019 жылы қабылданған шаралар туралы баяндады. Оның ай­туынша, 2019 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 5,4% құрады, бұл 4-6% нысаналы дәлізіне сәйкес келеді. Көбі­несе нан-тоқаш өнімдері мен жарма баға­сының 16,1%-ға, сондай-ақ ет және ет өнім­дерінің 13,2%-ға өсуі есебінен 9,6%-ға қымбаттаған азық-түлік тауарлары инфля­цияға ең көп үлес қосты. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтер бағасының өсуі қалыпты болды.

– Ақша-несие саясатының негізгі құ­ралы ретінде базалық мөлшерлеме тұ­тынушылық және инвестициялық сұра­ныстың кеңеюіне байланысты проинфля­циялық факторлар ықпалының сақталуы аясында +/- 1 п. т. дәлізімен 9,25% дең­гейінде сақталды. 2019 жылы қоғам тарапынан жүргізіліп отырған валюталық сая­сатқа және ұлттық валютаның бағамына жіті назар аударылды. Бұл ретте, өткен жыл ішінде бір АҚШ доллары үшін теңге бағамы 373-390 теңге шегіндегі 4,5%-дық тар аралықта болды. Ал 2018 жылы ол 21%-дық дәлізде болды. Былтыр теңге жылдың соңына қарай бір АҚШ доллары үшін 382,6 теңгеге – 0,4%-ға нығайды, ал 2018 жылы ол 15,6%-ға әлсіреді, деді Ұлттық банк төрағасы.

Сыртқы нарықтағы ахуалдың тұрақ­сыздығына және мұнайдың орташа жылдық бағасы 2018 жылғы бір баррель үшін 71,7 доллардан 2019 жылы бір баррель үшін 64,2 долларға дейін тө­мен­­дегеніне қарамастан, жалпы халық­аралық резервтер өткен жылы 2,3 долларға ұлғайып, 91 долларды құрады. Оның ішінде алтын-валюта резервтері – 29 млрд доллар, Ұлттық қордың активтері  61,9 млрд доллар болды.

Ұлттық валютадағы депозиттер 13,1%-ға ұлғайды, шетел валюта­сындағы депозиттер 8,7%-ға төмендеді. Депо­зиттердің долларлануы 2018 жылғы желтоқсандағы 48,4%-бен салыс­тырғанда 2019 жылғы желтоқсанда 43,1%-ға дейін төмендеді.

– Өткен жылғы кредиттеу үрдістерінің ішінен ұзақ мерзімді кредиттер порт­фелінің 6,5%-ға немесе 718 млрд тең­геге оза отырып өсуін атап өтемін. Жалпы алғанда, экономикаға берілген кредиттер бір жылда 5,9%-ға ұлғайып, 2019 жылдың соңына қарай 13,9 трлн теңге болды. Олардың баға жағынан қолжетімділігі жоғарылап жатыр – бизнес үшін теңгемен берілетін кредиттер бойынша мөлшерлеме 2019 жылы орташа алғанда 12%-ға дейін төмендеді. Кредиттік портфельдің негізгі өсуі 26,9%-ға ұлғайған тұтынушылық кре­диттеудің кеңеюіне байланысты болды. Осындай өсудің жүйелік тәуекелді іске асыруға алып келуі мүмкін екенін түсі­не отырып, 2019 жылы кепілсіз тұты­ну­шылық қарыздарға қатысты реттеу шара­лары кешені қабылданған еді. Екін­ші деңгейдегі банктердің капиталына қо­йы­латын талаптар жоғарылатылды, қарыз бойынша өтеу мерзімін өткізіп алу 90 күннен асқан кезде айыппұлдар мен ко­миссиялар есептеуге тыйым салу енгі­зіл­ді. Ең төменгі күнкөріс деңгейінен тө­мен кірісі бар азаматтарға қарыздар беру­ге тыйым салынды. Осы шаралар кре­дит нарығының дамуын анағұрлым теңгерімді етуге мүмкіндік береді, – деді Ерболат Досаев.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, осы жылғы І тоқсанның соңына дейін 2030 жылға дейінгі ақша-несие сая­саты стратегиясының жобасын әзірлеу аяқталады. Сондай-ақ Ұлттық банк 2020 жылға қарай инфляцияны 4-6% нысаналы дәліздің төменгі шегіне жақын деңгейге дейін төмендету міндетін алға қойды.

Валюталық саясат саласында Ұлт­тық банк еркін өзгермелі айырбастау баға­мы режімін сақтайды. 2020 жылы Ұлт­тық банк Ұлттық қордан бөлінген тран­сферттердің және активтерді валюта нарығында жүргізген конвертациялау көлемін тұрақты негізде жариялайды.

Бұған қоса Ерболат Досаев Қаржы ми­нистрлігімен мемлекеттік бағалы қағаз­дар нарығын сапалы дамыту, оның өтім­ділігін арттыру, Қазақстанның мем­лекеттік бағалы қағаздарын дамушы елдердің халықаралық индекстеріне қосу бойынша белсенді өзара іс-қимыл жал­ғаса­тынын атап өтті. Бұл өз кезегінде сырт­қы инвесторлар тарапынан оларға сұранысты арттырады. Ұлттық Банк 1 жылға дейінгі қысқа мерзімді ноттарды шығаруды, ал Қаржы министрлігі орта және ұзақ мерзімді облигациялар­ды ұсынуды қамтамасыз етеді. Бұл пайыз­дық мөлшерлемелер бойынша бағдар ретін­де қызмет ететін объективті кірістілік қисы­ғын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ал Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев әлеуметтік саладағы тапсырмаларын іске асыру барысы және 2020 жылға арналған басым міндеттер туралы баяндады.

Президенттің тұрғындардың әл-ауқа­тын жақсарту бойынша тапсырмасын орын­дау мақсатында 2019 жылы 2,7 млн қаза­қ­стандықтың жалақысы көтерілді. Жаңа жылдан бастап 770 мың мұғалім, дәрігер, әлеуметтік сала, мәде­ниет, өнер, спорт және мұрағат қыз­мет­керлерінің жала­қы­сы 30%-ға ұлғай­тылады. Зейнетақы және жәрд­емақы көле­мі орта есеппен 7-20%-ға көтерілді. Осы мақ­сат­та бөлінген қара­жат өткен жылмен салыс­тырғанда 300 млрд теңгеге арттырылып, 3,3 трлн тең­ге­ні құрады. 555 мың адамның борыш жүк­темесі азайтылды, 1,2 млн адамның айып­пұлы мен өсімпұлы кешірілді. Бұл мақсатқа бюджеттен 149 млрд теңге бөлінді.

315 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды. Нәтижесінде, 136 мың отбасы мұқтаждық жағдайынан шығарылды, 150 мың отбасы өздерінің жеке қосал­қы шаруашылығын дамытты, 94 мың адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды, 8,5 мың адам өз бизнесін ашты. Сонымен қатар 2,2 млн адам әкімдіктер мен демеу­шілердің есебінен 80 млрд теңге көлемінде қосымша қолдауға ие болды.

– Жұмыс орындарын құру картасының ақпа­раттық жүйесі енгізілді. Еңбек нары­ғының сұраныстарына сай мамандарды даяр­­лау үшін кәсіптік стандарттар бекі­тілді. Кәсіпкерлікке кемінде 11 мың от­ба­сын тарту мақсатында несие мө­л­шер­лемесі 6%-дан 4%-ға төмен­детілді, несие­лендіру мерзімі 5 жылдан 7 жылға дейін төмен­деді. Оқытусыз грант алу мүмкіндігі ұсыныл­ды. Енді кәсіптік оқыту тек жұмыс беруші­нің өтінімі бойынша жүзеге асырылады. Жаһандық өзгерістерге сәйкес біз 2025 жылға дейінгі еңбек нарығын дамыту болжамын және жаңа кәсіптер атласын әзірлеп жатырмыз. Электронды еңбек нарығын, электронды еңбек шартын дамыту жалғасады. Тұрғындарға ың­ғайлы болу үшін, әлеуметтік еңбек сала­сындағы барлық мемлекеттік қолдау шараларын біз бірыңғай әлеуметтік еңбек бағдарламасына біріктіруді ұсынамыз, – деді Бердібек Сапарбаев.

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай 2020 жылдан бастап көп балалы және аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік кө­мек көрсетудің жаңа тетігі енгізілді. 1 қаң­тардан бастап 372 мың отбасына 17 млрд теңге көлемінде мемлекеттік жәр­дем­ақы төленді. Егер отбасында ең­бек­ке қа­білетті адамдар болса және олар ұсы­­ныл­ған жұмыстан бас тартатын болса, ондай отбасыларға АӘК төлен­бейді. Сонымен қатар осы айдан бастап аз қам­тылған отбасылардың балалары үшін әлеуметтік кепілдендірілген пакет бері­ле­ді. Алдын ала мәліметтер бойынша, мұн­дай көмекпен 200 отбасы немесе 600 мың бала қамтылады.

Өңірлердің өсу көрсеткіштері – назарда

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президентке қала және облыс әкім­дері атқарылып жатқан жұмыстар жөнін­де есеп берді. Алдымен Нұр-Сұлтан қала­сының әкімі Алтай Көлгінов елор­да­ның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталды.

Елорда басшысының айтуынша, өңірлік ішкі жалпы өнім 7,2%-ға артты. Өнеркәсіп өнімін өндіру 12%-ға ұлғайды. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 8%-ға көбейді. Сауда саласындағы өсім қарқыны 5%-дан асты. 2019 жылдың 9 айындағы халықтың нақты табысы 9,3%-ға артып отыр. Құрылыс жұмыстарындағы индекс 102,8%-ды құрап, 22,1%-ға артты.

– 2019 жылдың басында пробле­ма­лық нысандар саны 76 үйді (14 509 үлескер) құрады. Үлескерлік құрылыс саласындағы негізгі проблемалар – ТҚК мүшелерінің арасындағы ұзаққа созылатын сот рәсімдері, ЖСҚ болмауы, қаржылық моделі мен инвесторлардың болмауы. Сіздің тапсырмаңыз бойынша «Нұр­лы жер» бағдарламасына енгізіл­ген өзгерістер мемлекет қаражатын пай­далану мүмкіндігін арттырды. Былтыр 10 үйдің құрылысы аяқталды, үлескер­лер саны 2,5 мың адамға азайды. Биыл 20-дан аса үйдің құрылысын аяқтау жоспарланған (7 581 үлескер). Қалған тұрғын үйлер 3 жыл ішінде пайдалануға беріледі, – деді әкім.

Алтай Көлгінов газдандыру бойынша барлық процедуралық мәселелер шешілгенін, бірінші кезеңнің барлық іске қосу кешендерінде белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын алға тартты. 2021 жылдың соңына дейін Көктал-1, Көктал-2, Оңтүстік-Шығыс және Темір жол тұрғын алаптарында жұмысты аяқтау жоспарлануда. ЖЭО-1 және ЖЭО-2 газға ауыстыру бойынша байқау жарияланды.

Биыл ЖЭО-2-де энергия жабдығын реконструкциялау аяқталады, бұл жылу бо­йынша 180 Гкал/сағатқа және электр қуа­ты бойынша 120 МВт өсімге қол жет­­кізеді. ЖЭО-3 бойынша Энергетика ми­нистр­­лігімен бірлесіп жобаға түзету жүргізілуде.

Одан кейін Шығыс Қазақстан облысы­ның әкімі Даниал Ахметов өңірдегі оң өзгерістерді баяндады. Әкімнің айтуынша, 2019 жылдың қорытындысы бойын­ша Шығыс Қазақстан облысында тұрақты даму траекториясы сақталуда. Барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көр­сеткіштердің өсу динамикасы қамта­масыз етілді. Өткен жыл ішінде, жалпы өңірлік өнім 4 трлн теңгеден асты. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 109%-ға, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 104%-ға, инвестиция – 123%-ға, құрылыс жұмыстарының көлемі 106%-ға артты. 443 мың шаршы метр тұрғын үй пайда­лануға беріліп, өсім 108%-ды құрады.

– Облыста халықтың тұрмыс сапасына қатысты мәселелерге, оның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыруға ерекше мән беріледі. Біз алдымызға облыстың денсаулық сақтау саласын дамыту принципін озық дамушы ретінде өзгерту міндетін қойдық. 3 жыл ішінде салаға 22 млрд теңге инвестиция­ланды. 1086 бірлік заманауи жабдық сатып алынды. Роботты хирургия және трансплантология, политравма, ортопедия орталықтары, III деңгейдегі инсульт орталығы, гибридті операциялық орталық ашылды, Алтай және Аягөз ауданы орталықтарында II деңгейдегі инсульт орталықтары құрылды. Тұрмыс сапасы мәселелерін шеше отырып, біз аз қамтылған және көп балалы отбасылардың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөлеміз. Өткен жылдың қорытындысы бойынша тұрғын үйлер мен пәтерлерді кезекте тұрған 1700 адамның қатарынан 495 көп балалы отбасы алды. Қалған отбасылар 3 жыл ішінде кезең-кезеңімен тұрғын үймен қамтамасыз етіледі, – деді Даниал Ахметов.

Экономиканың тағы бір даму бола­шағы бар саласы – облыстың минерал­дық-шикізат базасына негізделген жаңа технологиялар жасау, өндірістік процестерді жаңғырту. Әкім атап өткендей, 2040 жылға қарай бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған ірі кен орындары іс жүзінде таусылады. Осы бағытты толыққанды дамыту үшін 1 км-ден астам тереңдікте геологиялық бар­лау және іздестіру жұмыстарының жоға­ры деңгейін ұйымдастырып, сирек және жерде сирек кездесетін метал­дар кен орындарын өндіру және қайта өңдеу бағдарламасын қабылдап, инфрақұрылымды салу қажет.

Сондай-ақ Даниал Ахметов Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына дайындық мәселесіне арнайы тоқталды.

Сонымен қатар жиында Алматы облы­сының әкімі Амандық Баталов өткен жылы өз өңірінде экономикалық өсім және тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыру үшін барлық шара қабылданғанын айтты.

– 2019 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім 4,5%-ға артып, 3 трлн теңгеден асты. 48 мыңнан аса жұмыс орны құрылды, оның ішінде 31 мыңы – тұрақты. Мемлекеттік бюджетке түсімдер 509 млрд теңгеден асты, оның ішінде өз кірістері 226 млрд теңгені құрады. Инвесторлармен жұмысты күшейту, қолдау, қолайлы инвестициялық ахуал жасау, мұның бәрі нақты нәтижелер береді. Шетелдік инвес­тициялар 1,6 есе өсті, шикі­заттық емес экспорт 15% өсіммен 350 млн долларға жетті. Жалпы құны 4,9 трлн теңгеден асатын, 40 мың жұмыс орнын құрумен 422 жобаны қамтитын инвестициялық қоржын жасалды. Оның ішінде инвестициялар көлемі 94,5 млрд теңге болатын «Жетісу вольфрамы» кен өңдеу зауыты, құны 40 млрд теңге болатын «Прима-құс» құс фабрикасы және биыл бірінші жартыжылдықта пайдалануға берілетін, құны 47 млрд теңге болатын «Алацем» цемент зауыты бар, – деді облыс әкімі.

Сонымен қатар биыл ауыл шаруа­шылығы жалпы өнімінің көлемін 1 трлн теңгеге дейін жеткізіп, өңделген өнім экспортын арттыру жоспарланған. Әкімнің айтуынша, соңғы бес жылда облыста 30 мың орынға 55 мектеп салынды, бірақ олардың саны туу көрсеткішінің жоғары болуына және ішкі миграцияға байланыс­ты өсуде. Биыл 8 мектеп құрылысына 8 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар жеке инвестициялар есебінен мектептер салу мәселесі пысықталуда.

– Қолайлы өмір сүру ортасын құру үшін «Ауыл – ел бесігі» ауылдарда зор мүмкіндіктер тудырып отыр. Өткен жылы 7 аудан орталығында 6,1 млрд теңге сомасына 45 жоба іске асырылды, биыл 21 ауыл қамтылады. Бұл бағдарла­маны тұрғындар жылы қабылдады. Ол «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымына сай келеді. Ол біз үшін аса маңызды, себебі тұрғындардың 80%-ы ауылдық жерлерде тұрады, – деп сөзін түйіндеді Амандық Баталов.

Ал Ақтөбе облысының әкімі Оңда­сын Оразалиннің баяндамасынан бұл өңір­де де әлеуметтік-саяси ахуал тұ­рақты екенін аңғардық. Өткен жыл­дың қо­рытындысы бойынша жалпы әлеу­мет­тік-экономикалық дамуының барлық көрсеткіштерінде оң динамика сақталып, өңір экономикасының өсімі 5%-ды, инфляция деңгейі 105,2%-ды құрады. Шоғырландырылған бюджетке түсетін түсімдердің рекордтық деңгейі белгіленді – 547 млрд теңге. Өсім – 2,4%.

– Жаңа әлеуметтік және экономика­лық сын-тегеуріндерді ескере отырып, біз өңірдің қазіргі жағдайларға қарай өзгеруі және бейімделуі жобасын іске асыра бастау туралы шешім қабыл­дадық. Ол экономиканың өсуі мен азаматтар­дың қанағаттануын арттыруға, инфрақұ­рылым­дық және әлеуметтік жобаларды іске асыруда прагматикалық жобалық тәсілді қолдануға бағытталған өңірдегі мемлекеттік басқару сапасының тәсілдерін өзгертуді қарастырады. Облыста трансформация үшін азаматтық қоғам, мем­лекеттік сектор, ірі, орта және шағын биз­нес, даму институттарының өкілдері, сон­дай-ақ Президенттік жастар кадрлық резервіндегі жастар тартылды, – деді әкім.

Бұл облыс – еліміздегі аса маңызды страте­гиялық тораптың бірі. Өткен жылы 350 шақырымға жуық автожол жөн­делді. Оның ішінде 285 шақырым жол – облыс­тық және жергілікті маңызы бар жолдар. Биыл 500 шақырымға жуық жолды жөндеу жоспарланған, оған 23 млрд теңге бөлінді. Өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру үшін 3 халықаралық өткізу пунктін ашу – басым бағыт.

Әкімнің айтуынша, туу көрсеткішінің жоғарылығы, тұрғындардың динамикалы ағымы, экономика қарқынының өсуі бү­гінгі таңда тұрғындар арасында тұрғын үй­ге көп сұраныс тудырып отыр. Тұрғын үй алу және сатып алу кезегінде 30 мың адам тұр, ал Ақтөбе қаласының маңында 150 мың азамат жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдеріне мұқтаж. Өңірде 1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріл­ді. Биыл тұрғындардың әлеуметтік әл­жуаз топтарына тұрғын үй көмегін көр­сетуге күш салынбақ. Ақтөбе агломерация­сын одан әрі дамыту мәселесі жер­гілікті ат­қарушы органдардың ерекше бақы­лауы­на алынған. Биыл газбен және сумен қамтамасыз ету үшін агло­мера­ция­ның елді мекендеріне инженер­лік-ком­му­ни­ка­­ция­лық желілерді жүргізуге баса мән берілмек.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бар­лық баяндаманы тыңдап болған соң ешкімге сөгіс немесе ескерту жарияла­мағанын, Үкімет мүшелері мен әкімдерге жіберген кемшіліктерін көктемге дейін түзетуге мүмкіндік беретінін атап айтты.

– Халық тұтынатын ең қажетті тауар­лар­дың бағасын өсіріп жібергені үшін қатаң шаралар қолдануға болар еді. Жал­пы алғанда, сөгіс беру жақсы нәти­жеге жету­дің аса тиімді жолы емес. Бұл – ме­нің нақты ұстанымым. Бүгінгі жиын бары­сын­да берілген тапсырмаларды зор жауап­кер­шілікпен орындау қажет. Көк­темде бұл мәселеге қайта ораламыз. Сол кезде түр­лі себептерге байланыс­ты өздеріне жүк­тел­ген міндеттерді тиісті деңгейде ат­қара ал­ма­ғандарды қызметінен босату жөнін­де нақты шешім қабылдаймыз, – деді Мемлекет басшысы.